Мәтін бойынша сұрақтарға жауып беріңіз. Текст снизу
Ертеңінде түсте жат иіс шықты. Жоғары жақтан дауыстар естілді. Ақ қасқыр күшіктерді інге тығып, тобылғының ішіне кірді. Іннің ауызына аяқтылар жыбырлады. Мықты қолдар күшікті сыртқа шығарды. Бесеуін өлтірді де ең кішісін алып кетті. Қасқыр қалған жалғыз күшікті алып кетті. Ін бос қалды. Көк күшік ауыл тұрғыны болды. Кішкене Құрмаш күшікке «Көксерек» деп ат қойды. Жеке асқұйғыш –итаяқ әзірледі. Мойнына жіп тақты. Құрмаш күшікті жанына алып жатады. Құрмаш Көксеректі әбден баптады. Көксерек үлкейді. Бірде-бір ит мұны дос көрмеді. Төбеттер талап тастайды. Бірақ Көксерек «қыңқ» деп дыбыс шығармайды. -Тағы емес пе! Жасымайды!- деді ауыл адамдары. Көксерек ашқарақ. Жанында адам тұрса , тамақты жемейді. Адам болмаса , тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашса, бермеген тамақты жеп қояды. Сосын таяқ жейді. Өзі ешкімге соқтықпайды. Суық. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Сондықтан үлкен адамдар: -Бұны өлтіріп, терісін алу керек,ит болмайды, -деді. Бірақ Құрмаш көнбеді. Құрмаштың әжесі де: -Туу, көзі жап-жасыл болыпты. Енді мұны өлтіріп, терісін алайық,-деді. Құрмаш бұл сөзге көнбеді.Сол түні Көксерек жоқ болып кетті. Екі күннен сол қайтып келді. Құрмаш пен әжесі бұған қуанды. Көксерек семіріп, орасан боп өсті.Ол шынымен алып қасқыр болды. Күзде Көксерек тағы жоқ болып кетті. Бұл жолы қайтып келмеді.
1. Ең алдымен сиырдың желінін жақсылап жылы сумен жуып, оған май немесе сауылып жатқанда өз сүтін жағу керек. Бұл сиырдың желінін жұмсартып, тез июіне көмектеседі. 2. Сауылған сүтті дәкеден немесе сүзгіден өткізіп, бірнеше мәрте сапыра отырып, жай отта пісіреді.Ескерту: Сүтті қатты отта пісірсеңіз, ол ыдыстың сыртына тасып, мөлшері азайып, ошағыңызды ластауы мүмкін. Тасыған сүт жанып, үйдің ішін қоңырсыған иіс басады. Сүт әбден сарғайып, бетіне қаймағы шығып, қоюланғанға дейін пісіру керек. Мұндай сүттен жасалған құрт майлы, әрі өте дәмді болады. 3. Дайын сұйықтықтың ыстығы басылғынша күту керек. 4. Жарты кесе ашытқының үстіне жылымшы сүтті құйып, барынша араластырып, піскен сүтке қосады. 5. Жылы жерге орап, бірнеше сағатқа қояды. Ескерту: Суық жерге қойылса айран ашымай, сұйық күйінде тұрып алатынын ескерген жөн. 6. Сары суы бетіне шығып, айранға айналған бетте арнайы тігілген дорбаға құйып, суы сорғығанша іліп қояды. Құртқа қалауыңызға қарай тұз қосуға болады. 7. Қою қатыққа айналған соң, өз қалауыңызша түрлі пішінге келтіріп жаясыз. 8. Жайылған құрттарды ыдысқа салып, жел есетін жерге іліп қою қажет. Ескерту: Күн тікелей түсетін жерге ілсеңіз майы бетіне шығып кетеді, сондықтан көлеңке жерде кептірген жөн. 2-3 сағат аралығында дегдіген құрт, бірнеше күннен соң қатаяды. 9. Дайын болған құрт дастарханыңыздың сәнін, деніңіздің саулығын жақсартады.
Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді.Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы былғауышпен / басында қырғыш темірі болады / әлсін-әлсін қазанның түбін ернеуін қырып араластырып отырады.Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды сонда оның қалған суы тағы да ағып құрғайды.Бұдан кейін қолмен бөлшектеп тақшаға шиге қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді.Көгермей қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет ауыстырады.Осындай әдіспен қайнатып кептіріп алған құрт жыл бойына кейде екі жылға дейін сақтала береді.