В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
79185519305
79185519305
09.05.2020 09:23 •  Қазақ тiлi

Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Баяғыда бір ... отбасы ӛмір сүріпті.
2. Оларда ... , ... атымен болмайды екен.
3. Бұл отбасы ... патшаның да ... жетеді.
4. Адамдар ... ... ... ӛмір сүріп жатыр.
5. Патшаның ... толып, ерекше бір ... бӛленеді.

Мәтінді оқыңыз. Қазақстандағы ұлттық қорықтар туралы
шағын ақпарат жазыңыз.
Солтүстік Қазақстан Облысының жерінде республикалық маңыздағы
бірнеше бірегей табиғат жиынтығы бар.
Солтүстік Қазасқстан, Айыртау ауданында «Кӛкшетау» мемлекеттік,
ұлттық табиғи паркті Шалқар және Айыртау атты аймақтық бӛлімдері
орналасқан. Бұлар жоғалып бара жатқан және аса құнды ӛсімдіктер мен
жануаралар, мәдени және тарихи ескерткіштер, сирек кездесетін табиғат
жиынтығын сақтауға арналған Солтүстік Қазақстанның аса мұқият

Показать ответ
Ответ:
мугамбе
мугамбе
26.10.2022 06:22

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.

Дулать ақын

Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан.[1] Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының ба А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, “Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.[2]

0,0(0 оценок)
Ответ:
Shariknt
Shariknt
16.03.2020 06:58
Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану керек, уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу – денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы – темекі, спирт ішімдіктері. Денсаулығың мықты болу үшін дастарқаннан қантты, тұзды алып таста. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашан күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады. Шетелдік ғалымдар мынадай қызықты зерттеу жүргізіпті. Бір мектептің оқушыларына төрт ай бойы бақылау жасаған. Таңертеңгілік асын ішіп келген балалар сабақта өздерін тәртіпті ұстайды, көңілді жүреді. Сабақты жақсы оқиды. Ал таңертеңгілік асын ішпей келетін балалардың басы жиі ауырады. Олар ашуланшақ келеді. Бұл балалардың сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан таңертеңгілік ас ішуді ұмытпаңдар!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота