Қазақстан Республикасы: Кен байлықтары. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
БатырлыҚ Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Кішкентай балаға балалық шақтан отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық.
Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет
жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Кішкентай балаға балалық шақтан отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық.