Тәуелсіз мемлекетіміздің айрықша белгілерінің бірі - елтаңба. Елтаңбаның әрбір нышанында өзіндік ерекшелік, мән - мағына, ұлттық идея жатыр.
Мемлекеттік елтаңбамыздың негізі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ. Бұл – отанымыздың ошағы, біртұтастығы, бастауы. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.
Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Жұлдыздың бес бұрышы қазақтың кең пейіл құшағындай бес құрлыққа теңдей.
Ал екі жағындағы аңыз ертегілердегі, қанатты пырақтар - тәуелсіз Қазақстанымның мәңгілік өмірі мен шексіз дамуының белгісі. Қазақ жерінің, көп ұлтты елдің рухани байлығын көрсетеді. Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы. Елтаңба маңдайындағы жұлдыз «Бағымыз ашылып – жұлдызымыз жана берсін» - деген асыл арманымызды көрсетуде. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
Қазақстан» - қонақ үйі, Алматықаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі. 1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта,телеграф, жинақ кассалары, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар.
Ғимараттың оңтүстік павильонында 4 банкет залы бар мейрамхана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін “Космос” кафесі жұмыс істейді.
Елтаңба
Тәуелсіз мемлекетіміздің айрықша белгілерінің бірі - елтаңба. Елтаңбаның әрбір нышанында өзіндік ерекшелік, мән - мағына, ұлттық идея жатыр.
Мемлекеттік елтаңбамыздың негізі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ. Бұл – отанымыздың ошағы, біртұтастығы, бастауы. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.
Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Жұлдыздың бес бұрышы қазақтың кең пейіл құшағындай бес құрлыққа теңдей.
Ал екі жағындағы аңыз ертегілердегі, қанатты пырақтар - тәуелсіз Қазақстанымның мәңгілік өмірі мен шексіз дамуының белгісі. Қазақ жерінің, көп ұлтты елдің рухани байлығын көрсетеді. Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы. Елтаңба маңдайындағы жұлдыз «Бағымыз ашылып – жұлдызымыз жана берсін» - деген асыл арманымызды көрсетуде. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта,телеграф, жинақ кассалары, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар.