Мәнерлеп сырғанау (фигурное катание) — спорт түрі. Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды.
Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын әлемдегі ең ежелгі әрі әйгілі клуб 1742 жылыЭдинбург қаласында болған. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Оның үш түрі олимпиада бағдарламасына енген.
Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта (айналып, секіріп, тағыда басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне баланы 7 — 8 жастан баули бастайды. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатты 1896 жылдан бастап өтіп келеді. Әуелі тек қана ерлер арасында жарыс өтсе, он жылдан кейін әйелдер де күш сынаса бастады. 1908 жылы жұптасып сырғанаудан, 1950 жылы мұз үстіндегі бишілер бәсекесі ұйымдастырыла бастады.
Қазақстанда алғашқы жарыстар 1957 жылы өтті. Қазақстандықтар арасында жұптасып сынға түсуден Е.Стекольникова мен Д.Казарлыга 1996 ж. Харбинде өткен III Қысқы Азия ойындарында алтын, ал 1996 жылы Кореяның Кангвон қаласында өткен IV Қысқы Азия ойындарында М.Халтурина мен Е.Крюков күміс жүлдені еншіледі. Қазір мәнерлеп сырғанаушылар үйірмелері Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Өскеменқалаларында жұмыс істейді.
Зымыраған уақыт. Көз ілестірмей күндер жылжып өтіп жатыр. Оқу жылы басқалардан ұзақтау болса да, күні кеше ғана басталған оқу мерзімінің келесі жартысы да аяқталды. Жазғы емтихандар бітіп, бір жарым айлық демалыс уақыты да жетіп келді. Емтихандар аса қиын болмаған сияқты. Алайда, грамматика, мәтінді еркін оқу, тыңдап, түсінік айту және дұрыс жазудан бұрын тілді қоғамда еркін пайдалана алу, басқаға айтар ойыңды нақты жеткізе білу – емтихан сынағынан күрделірек деп ойлаймын. Біздің топтағы жиырмадан аса адам тұтастай емтиханға қатыспады. Өйткені біразы ақылы бөлімде оқитын болғандықтан көбісі үшін маңызды емес болды. Ал келесі оқу жылында мамандық жалғастырушылар үшін бұл міндетті емтихандардың бірі. Оқу аяқталысымен біразы елдеріне қайтады және басқа университеттерге кететіндері де бар. Сол үшін қыздар дастархан жайып, кейбір мұғалімдермен бірге кішігірім қоштасу кешін өткіздік. Әсіресе қыздар жағы қимастықтарын айтып, көздеріне жас алды. Бұдан кейін де ғаламтор арқылы хабарласып, бәлкім кездесерміз деген сенім болғанымен де, бір жыл бірге жүргіп бауыр басып қалған қимастық сезімдеріміз қылпылдап-ақ қалды. Әрі дәл бұлай енді қайта бас қо анық… Расында әрқайсысының өзіндік мінез-құлқы мен бірге ұлттық ерекшелігі де басқаларымыз үшін ыстық. Әсіресе жапон елінің азаматтары менің көңілімнен айтарлықтай орын алды. Мәдениеті таңғаларлық. Сабақ арасында бір тақырып әңгіме бола қалса «сендерде қалай?» деп кезек-кезек бір-бірімізді тыңдайтынбыз. Демократияның отаны АҚШ-та дейтіндердің сөзін сол елдің азаматтары жоққа шығарады әйтеуір. Нағыз әділдіктің туы желбірейтін шақ туғанда ақшаның мысы басып кететінін жиі тілге тиек етеді. Оқу жылы қызықты өтті. Мұғалімдердің айтысынша, көптен бері мұндай ұйымщыл топ болмаған сияқты. Менің де көңілім тоқ. Қайтар сәт туғанда мұғалімдердің өзіндік сабақ өткізу тәсіл-қимылдарын олардың өздеріне көрсетіп бердік. Бәрі риза…
Мәнерлеп сырғанау (фигурное катание) — спорт түрі. Мұнда спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды.
Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын әлемдегі ең ежелгі әрі әйгілі клуб 1742 жылыЭдинбург қаласында болған. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Оның үш түрі олимпиада бағдарламасына енген.
Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта (айналып, секіріп, тағыда басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне баланы 7 — 8 жастан баули бастайды. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатты 1896 жылдан бастап өтіп келеді. Әуелі тек қана ерлер арасында жарыс өтсе, он жылдан кейін әйелдер де күш сынаса бастады. 1908 жылы жұптасып сырғанаудан, 1950 жылы мұз үстіндегі бишілер бәсекесі ұйымдастырыла бастады.
Қазақстанда алғашқы жарыстар 1957 жылы өтті. Қазақстандықтар арасында жұптасып сынға түсуден Е.Стекольникова мен Д.Казарлыга 1996 ж. Харбинде өткен III Қысқы Азия ойындарында алтын, ал 1996 жылы Кореяның Кангвон қаласында өткен IV Қысқы Азия ойындарында М.Халтурина мен Е.Крюков күміс жүлдені еншіледі. Қазір мәнерлеп сырғанаушылар үйірмелері Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Өскеменқалаларында жұмыс істейді.
жазғы демалыс
Зымыраған уақыт. Көз ілестірмей күндер жылжып өтіп жатыр. Оқу жылы басқалардан ұзақтау болса да, күні кеше ғана басталған оқу мерзімінің келесі жартысы да аяқталды. Жазғы емтихандар бітіп, бір жарым айлық демалыс уақыты да жетіп келді.
Емтихандар аса қиын болмаған сияқты. Алайда, грамматика, мәтінді еркін оқу, тыңдап, түсінік айту және дұрыс жазудан бұрын тілді қоғамда еркін пайдалана алу, басқаға айтар ойыңды нақты жеткізе білу – емтихан сынағынан күрделірек деп ойлаймын.
Біздің топтағы жиырмадан аса адам тұтастай емтиханға қатыспады. Өйткені біразы ақылы бөлімде оқитын болғандықтан көбісі үшін маңызды емес болды. Ал келесі оқу жылында мамандық жалғастырушылар үшін бұл міндетті емтихандардың бірі.
Оқу аяқталысымен біразы елдеріне қайтады және басқа университеттерге кететіндері де бар. Сол үшін қыздар дастархан жайып, кейбір мұғалімдермен бірге кішігірім қоштасу кешін өткіздік. Әсіресе қыздар жағы қимастықтарын айтып, көздеріне жас алды. Бұдан кейін де ғаламтор арқылы хабарласып, бәлкім кездесерміз деген сенім болғанымен де, бір жыл бірге жүргіп бауыр басып қалған қимастық сезімдеріміз қылпылдап-ақ қалды. Әрі дәл бұлай енді қайта бас қо анық…
Расында әрқайсысының өзіндік мінез-құлқы мен бірге ұлттық ерекшелігі де басқаларымыз үшін ыстық. Әсіресе жапон елінің азаматтары менің көңілімнен айтарлықтай орын алды. Мәдениеті таңғаларлық. Сабақ арасында бір тақырып әңгіме бола қалса «сендерде қалай?» деп кезек-кезек бір-бірімізді тыңдайтынбыз. Демократияның отаны АҚШ-та дейтіндердің сөзін сол елдің азаматтары жоққа шығарады әйтеуір. Нағыз әділдіктің туы желбірейтін шақ туғанда ақшаның мысы басып кететінін жиі тілге тиек етеді.
Оқу жылы қызықты өтті. Мұғалімдердің айтысынша, көптен бері мұндай ұйымщыл топ болмаған сияқты. Менің де көңілім тоқ. Қайтар сәт туғанда мұғалімдердің өзіндік сабақ өткізу тәсіл-қимылдарын олардың өздеріне көрсетіп бердік. Бәрі риза…