В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
yulyasmernyagi
yulyasmernyagi
06.05.2023 12:56 •  Қазақ тiлi

Мәтінінен алынған дәйексөзді мұқият оқып, одан әрі айтылмақ ойға болжам жаса​


Мәтінінен алынған дәйексөзді мұқият оқып, одан әрі айтылмақ ойға болжам жаса​

Показать ответ
Ответ:
Макс332211
Макс332211
22.05.2021 12:42
Отан десем оралады ойыма Ақсақалды, ақ шапанды қария, Туған жерім - құт мекенім, дариям, Егеменді елім, туым, әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Осы жолды аңсап еді еліміз, Ар-намысты батыр туған жеріміз. Мақтан етер бай мұрасы, салты бар, Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, а ң жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kolazykov11
kolazykov11
07.10.2022 00:43

Күнделікті оқиғалар

Біздің әрбір күніміз сан алуан жағдайлар мен оқиғаларға толы болады, бір күн екінші күнге ұқсамайды. Кешегі күн тарихқа еніп, ал ертең не болатына белгісіз болғандықтан біз бүгінгі күнмен өмір сүруміз керек деп ойлаймын.

Менің бір күніме сәл тоқтала кетсек, таңертең біз отбасы мүшелерімізбен таңғы ас ішіп, әрқайсымыз әр уақытта сабақ пен жұмысқа кетеміз. Үйден шығып бара жатқанда міндетті түрде бір – бірімізге: «Бүгінгі күнің сәтті өтсін!» деп тілейміз. Менің ойымша, таңертең үйден қандай көңіл – күймен шықсаң, күнің де сондай оқиғаларға толы болмақ. Мектепке келе сала, достарымызбен бір – бірімізден: «Қалың қалай? Үй жұмысын жасадың ба? Сабаққа дайынсың ба?» деп сұрап жатамыз. Ал сабақ басталысымен: «Сағат неше? Қоңырауға қанша қалды?» деп сыбырласып жатамыз. Қоңырау соғылысымен «Нешінші кабинет? Асханаға кім барады?» деп сұрап жататынымыз тағы бар. Осылай жүргенде сабақтың қалай бітіп қалғанын байқамай, үйге қайтамыз. Үйге келген соң әжем міндетті түрде: «Бүгінгі күнің қалай өтті? Қандай баға алдың? Қарның ашты ма? Жүр, тамақ ішейік» дейді. Мен болсам: «Әрине, әже қарным ашып тұр. Тамақ ішемін» деп,  сабақтан алған бағаларым мен болған оқиғаларымды айтып жатамын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота