Мәтін соңын болжа. Алан үшінші сыныпта оқиды. Ол сабақтан кейін сәулетшілер үйірмесіне
барады. Сәулетшілер үйірмесіне сыныптан көп оқушы қатысады.
Үйірмеде ғимараттардың жобасын жасайды. Бүгін Алан қағаздан үйдің
жобасын жасады. Үйдің төрт қабырғасы бар. Қабырғаларды қызғылт түске
бояды. Үйірмедегі мұғалім Аланды мақтады. Болашақта Алан сәулетші
болғысы келеді.
1. Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді , аузына сөзі құрғыр түспей , тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты . 2. Бірақ күз суық болмай , күзек оты әлі де мол болғандықтан , жұрт іркіліп отыр . 3. Шұғыла орысша білмейді , барон қазақша білмейді , бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді . 4. Көп ойлануға уақыт қалған жоқ , жалғыз үміт : не Талғар өткел беріп құтқарады , не өзі жұтып құтқарады , әйтеуір дұшпанға жоқ . 5. Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса , аспан айдай ашылған екен де , шуақты күн түске тармасып қалған екен .
Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның, шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның, есесіне тағы бір топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жоқ. Кайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп кеткендіктен де ет табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап отырысқан жайлары бар.
Балмағамбет ағасының бір кызының кезінде оқуға түсе алмай, Алматыдағы базар маңында жұмыс істеп, тұрмыс кұрып, одан тұрмыс кұрған жігітімен қайта ажырасып жүргенін білетін. Кыздың әуелде ѳзі, сосын куйеуімен үйлеріне соққаны да есінде. Ажырасқаны бетіне шіркеу болды ма, кейіннен қыз үйге соқпайтын болды. Ал олардан осындай бала қалғанын есіткен де емес-ті. Тіпті осы бала болмағанда қарындасының аты Күміскүл екенін де енді болмаса ұмытып қалғандай екен… Баланың бет әлпеті ѳте сүйкімді еді. Оның үстіне мұның сұрақтарына жауап беруі де сүйсіндірді. Тілі тәтті екен. Алайда “кімнің баласысың?” деген сұрағына баланың әкесінің атын айтпай, шешесінің атын айтуы Есмағамбетті қанағаттандырған жоқ-ты. Сондықтан баланы жанап отырысымен-ақ:
— Сен неге Күміскүлдің баласымын дейсің? Папаңның атын неге айтпайсың? — деді.
— Папа-мның-ң… — дей беріп бала аз-кем күмілжіп қалғанда барып, Есмағамбеттің ѳзі бала үшін тым артық, сұрақ қойып отырғанын андап, әңгіменің бетін аудара қойды.
— Футболкаң, қандай аппақ?
— Мамам әкеліп берген, — деді Сержан ѳз-ѳзіне қайта келгендей кѳңілденіп.
— Шортигің де тап-таза ғой.
Объяснение: