Мәтін Жетісу өзендері
Жетісу – сулы аймақ. Су мол болғандықтан, шөбі қалың әрі шүйгін. Сондықтан «жер жаннаты – Жетісу» атанып кеткен. Жетісуда жеті өзен бар деседі. Олар: Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу. Соның екеуіне тоқталсақ.
Бірі – Лепсі. Лепсі – Жоңғар Алатауынан басталып Балқаш көліне барып құятын өзен. Балқашқа 5 өзен (Іле, Қаратал, Лепсі, Аягөз, Ақсу) келіп құйса, көлемі жағынан Лепсі үшінші орында. Бастауы 3 мың биіктікте жатыр. Тау мұздығынан бастау алады. Жер асты суымен, жауын-шашынмен толығады. Жазықтағы ені 30 метрге дейін, ал тереңдігі 5 метрге дейін жетеді. Өзеннің ұзындығы 418 шақырым.
Екіншісі Көксу – Балқаш алабына қарайтын, Жоңғар Алатауының Басқан мұздығынан бастау алып, Қаратал өзеніне келіп құятын Алматы облысындағы өзен. 3 мың биіктіктен бастау алады. Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандары арқылы ағып өтеді.«Көк» және «су» сөздерінің бірігуінен атау пайда болған. Суы аспан түстес әрі тұнық болғандықтан, «Көксу» атанған. Өзеннің ұзындығы – 205 шақырым, су жинау алабы 4670 шаршы шақырым. Тау бұлақтарынан (Қараарық пен Қазан бастауы) бастау алған өзеннің бастапқы арнасы – шатқалдың іші, арнасының жағасы тік, биіктігі 2-4 метрге дейін жетеді. Тереңдігі жарты метр, кейбір жерде 1,5 метрге болады.
2-тапсырма Мәтіннен екі детальді ақпаратты анықтаңыз
Қанша?
Не? Қайда?