В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
SofiShidlFox
SofiShidlFox
04.03.2021 16:22 •  Қазақ тiлi

Мәтін жоспары бойыншы тірік сөздер жазындар


Мәтін жоспары бойыншы тірік сөздер жазындар

Показать ответ
Ответ:
dariarez
dariarez
27.03.2022 00:29
            БИІК ШЫҢ, ШЫРША — ТАУЛАРДЫҢ КӨРКІ, БАЙЛЫҒЫ,ҰМЫТАР МҰНДА КЕЛГЕНДЕР МҰҢ МЕН ҚАЙҒЫНЫ.ДЕЛЕБЕҢ ҚОЗЫП ТҰРАСЫҢ ЕЛТІП БҰЛ ЖЕРДЕЖАРҚЫРАП ЖАТҚАН ШАҚЫРЫП МҰЗДЫҢ АЙДЫНЫ.(АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА, «МЕДЕУ»)                                                                   Жалпы,мұз айдынға  «Медеу» деген атау қалай қойылды деген сауал туындайтыны анық.  Тарихшылардың сөзіне сенсек, мұз айдын орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырашты Пусырман батырдың ұлы Медеудің есімі берілсе керек.  Медеу Пұсырманұлы өз заманында Верный уезіндегі кіші Алматы болысын басқарыпты. «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен  1691 метр биіктікте орналасқан. Талай тарихи сәттердің куәсі болған алып мұз айдында коньки, хоккей, мәнерлеп сырғанау бәсекелері өткізілген. Ал Азия ойындарында біз «Медеу» төрінен допты хоккей бәсекесін тамашалаймыз.  «Медеу» 1975 жылдан бастап коньки спортынан әлем чемпионаты, әлем кубогы, КСРО біріншілігі сынды ірі жарыстарды  қабылдай бастады. «Рекордтар ұстаханасы» саналатын  «Медеу» мұз айдынында 120 әлем рекорды тіркеліпті. Коньки спортының үздіктері Евгения Куликова, Эрик Хайден, Валерий Муратов және норвегиялық Стен Стенсеннің әлемдік рекордтары «Медеудің» еншісінде. Мұз айдында 200ден астам КСРО рекорды дүниеге келді. Сондай-ақ Норвегия,  Жапония, Германия. Польша елдерінің ұлттық рекордтары  тіркелді. Тіпті әлемге танымал «Давос», «Инцель» мұз айдындарында осыншама көлемде рекорд тіркелмепті. Халықаралық коньки федерациясының сексенінші жылдардағы бас хатшысы Георг Хеслердің бастамасымен  «Медеу»  әлемдегі үздік мұз айдындардың қатарына қосылды. Ал танымал француз архитекторы  Шаппи Лоранның өзі «Медеудің» құрылысына жоғары баға берді. Бүгінде «Медеудің» жаңа тынысы ашылып, күрделі жөндеу жұмысы жасалды.                    «Алғашында Кеңес елі «Медеуді» Қырғызстан елінде салуды жоспарлаған. Бірақ Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен мұз айдын Алматыда салуға шешім шығарылды. Министрлер Кеңесі алғашында құрылыс жұмысына 1 миллион рубль қарастырған. Бірақ Қонаевтың араласуымен 14 миллион рубль бөлінді. Мұз айдынды салуға  3000 астам құрылысшы қатысты. «Медеудің» географиялық орналасуы, саф ауасы, самал желі ерекше. Қазақтың Байқоңырынан ғарышқа адамзаттың тұңғыш ұшуы сияқты «Медеуде» алғашқы әлемдік рекордтардың бірі тіркелді. Сондықтан, сан жылдар өтсе де «Медеу» адамзат тарихында мәңгі қалады»                                             
0,0(0 оценок)
Ответ:
Colere
Colere
20.10.2021 16:52
Талғаммен киіну мәдениеттілік белгісі. Осыған келісесің бе?

Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.

Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?

Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.

Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.

Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?

Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.

Оның өзі де әр түрлі шығар?

Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.

Ойынға киетін киімдер тағы бар.

Олар да әр түрлі ме?

Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота