МӘТІНАЛДЫ ЖҰМЫС ЖАЗЫЛЫМ
ер
ЛЕ
1-тапсырма. Сөздікке сүйеніп, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің
мағынасын анықта. Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Шексіз махаббат, тыңдау, тырысу, ұрлық жасамау, аяулы әкетайым, отбасы
бақыты, құрақ, сыншы, тәрбиелеу, жауапкершілік, үйлену.
ca
ai
.з. Ы-ЫЫ ғасырларында Рим империясы өзінің даму шыңына шықты. Сол тұста құлиеленушілік құрылыста ең жоғарғы сатысына көтерілді. Алайда б.з.-дың ЫЫ ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қаналды. Зорлық-зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге алып келіп соқты. Еркін шаруалар жұтады. Құлдар мен колондардың жалпы саны қысқарды. Орасан көп жерлер өңделмей қалды. Батпақты жерлер ұлғайды, жыртатын жерлерді орман басты. Қолөнершілер шеберханаларвн тастап, ірі иеліктерге кетті. Кен өндіру мен сауда қысқарды. Б.з.-дың ЫЫЫ ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын-күмістерін құпия ұстады
Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі» романында былай дейді: «Жиналыс биіктеу дөңнің қырқа жотасында ашылды. Жотаға Алашорда адамдары және оларға тілектестердің біразы, - барлығы екі жүзге тарта адам, - салт атқа мініп, әскерше он-оннан сапқа тұрып, командирше олардың алдында Дулатов оғаш отырып, «Арғы атам ер түрік» деп аталатын, Алашорданың гимнін әндете қосылып айтып барды...».
Гүлнар апай Дулатова сол тұста Қостанайда Алашорда комисары болған Елдес Омарұлының зайыбы Эльза туралы және Міржақыптың үзеңгілес серіктерінің бірі, қазіргі Қостанай облысының Қарабалық өңірінде туып-өскен Ғаббас Нұрымовтың үйінде болғанын тебірене жазады. Ғаббас тұңғыш рет Алаш маршын орындаған. Кейін Совнаркомда жауапты қызмет атқарған, білікті аудармашы болған ардагер ағалардың бірі. Г.Дулатова «Өмір өткелдері» атты кітабында: «Торғайда төңкеріс қызу жүріп жатқан. Әлі есімде, тәтемдер елге келгенде, өлең-жыр ағылатын. Сонда Ғаббас Нұрымов бастап, қалғандары шырқай қостап, мына өлеңді айтып бара жатты: Ол «Арғы атам – ер Түрік, Біз – қазақ еліміз...» – деген жолдардан басталатын. Міржақыптың құдай қосқан қосағы Ғайнижамалдың айтуынша, Ғаббас Нұрымов сәнді киінетін, домбыра мен мандолинді құйқылжыта тартып, ән салатын», сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз жігіт болған деген дерек келтіреді. Ал Алаш маршы атанған бұл әннің сөзін жазған Жүсіпбек Аймауытов екені белгілі.
«Арғы атам - ер Түрік,
Біз қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл
Сарыарқа жеріміз.
...Ат мінсек, жел болып,
Суылдап шабамыз.
Лап десек ерленіп,
Дуылдап жанамыз.
...Ер түрік ежелден
Оқ тескен етіміз.
Қаймығып еш жаудан
Қайтпаған бетіміз » - деп келетін жорық жыры азаттық аңсаған ел еңсесін көтергені де ақиқат.
Сәбит Мұқанов «Казахстанская правда» газетінің 1937 жылғы 18 маусымда жарық көрген «Об ошибках писателя Б.Майлина» деген мақаласында: «Все эти ошибки не случайны. В №№ 20-22 алашординской газеты «Жас азамат», издаваемой в Петропавловске в 1918 г.,Б.Майлин поместил два стихотворения, где он как довроволец Алашского полка, сформированного Эльдесом Омаровым, призывает казахскую молодежь и всех трудящихся поддержать злейшего врага казахского народа – Алашорду» - деп жазды. Бұл деректен анық байқайтынымыз, Қостанайдағы Алаш полкінің құрамында Би-ағаң да болған.
Қазақтың тақтақ ақыны Нұржан Наушабайұлы 1918 жылы «Қазақ» газетіне «Алашордаға» деген өлеңін бастыртады.
«Бірлік қылсаң, Алашым,
Ілгері қарай басасың.
Қол ұстасып ұмтылсаң,
Қатар жұрттан асасың.
Атағың мәңгі қалдырып,
Жасасын Алаш, жасасын!» - деген жолдардан оның бұдан бұрын жазылған «Ұйықтама, оян, Алашым!» жырының жалғасын тапқанын аңғарамыз.
Бір өкініштісі, Қостанайда құрылған Алаш әскерінің құрамында тағы кімдер болды деген сауалға жауап табылмай келеді. Бәлкім, мұрағаттардан келешекте табылып қалуы. Алаш әскері сапында болған азаматтар ел қорғаны болғаны, туған жері мен елі үшін жан қиюға дайын перзенттер екені дау туғызбайды