Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау туралы қазақша реферат Жердегі атмосфералық ауаның қорлары тұрақты және таусылмайды.Атмосфералық ауаның ластануы деп ауа құрамының қалыпты жағдайын ауытқуын айтады.Қалыпты жағдайда ауа құрамында азоттың 78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының 0,04 пайызы және сутегі мен инертті газдардың 1,0 пайызы болады Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне ,атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті және жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді.Әсіресе атмосфералық ауаның ластануы адамдардың денсаулық жағдайына аса күшті әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне , атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті мен жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді . Атмосфералық ауаның тазалығын қорғау мәселесінде 2 маңызды аспектіні бөліп көрсетуге болады: 1 гигиеналық– адамдардың денсаулығы үшін ауаның қалыпты құрамын сақтау 2 экономикалық – өндірілген шикізат пен оның өндірістік өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану процесінде ауаға ұшып жатқан пайдалы компоненттерді жоғалтудың алдын алу. Атмосфераны ластаушы көздер: – атмосфераға жанартау атқылау, шаңды борандар, жергілікті өрттер нәтижесінде келіп түсетін бөлшектермен табиғи ластану; – тұрмыстық , өндірістік , трансрорттық мақсаттар үшін , соның ішінде автокөлік двигательдеріндегі отынның жану өнімдерімен ластану; – техногенез процесінің нәтижесінде өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарымен ластану; – техногендік авариялардың және т.б. нәтижесінде атмосфераның радиактивті ластануы; Жердегі атмосфераның негізгі ластаушы көзі өнеркәсіптің , әсіресе энергетикалық құрылғылар мен көлік құралдарының қызметі болып табылады.Атмосфераға келіп түсетін барлық қалдықтардың жартысынан астамы соңғы аталғандардың үлесіне тиеді.Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік қалалар ауасының құрамында әрқашан CO, SO, HS, CI сияқты зиянды және улы газдар және т.б. бар.Олар адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етеді, соның өсуіне кедергі келтіреді, өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үйлердің,олардың құрылыстарының ерте бұзылуына әкеп соғады. Қалалар,ірі тұрғылықты бөлімдер орналасқан ландшафттарды атмосфералық ауаның ластануына байланысты тікелей күн радиациясының интенсивтілігі азаяды, ол өз кезегінде ауаның орташа тәуліктік және жылдық температурасын төмендетуге әкеліп соғуы мүмкін еді , алайда ол отынның әртүрлі түрлерін жағу және басқа да факторлар арқылы ауаны жылыту нәтижесінде қалпына келтіріледі.Қалалық және индустриялдық ландшафттарда көптеген жерлері асфальтпен жабылған топырақ қабатының табиғи сулы режимінің бұзылуы нәтижесінде ауаның абсолютті және қатысты ылғалдылығы төмендегені байқалады. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қала кварталдары дұрыс орналавстырмау нәтижесінде ауаның табиғи церкуляйиясы жиі байқалады,соның кесіріәнен атмосфера одан әрі ластанады.Басқа да литеорологиялық элементтерге , атап айтсақ , бұлттылық атмосфералық жауын–шашын ,тұманға да антропогендік факторлар әсер тигізеді.
Спорт туралы диалог
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.