Шабытты ұстаз шәкіртін шабыттандырады. Менің ойымша шабыт адамның белгілі бір іс үстіндегі, көңіл күйінің, ерекше бір ынталы, ықыласты сәті. Ақын өлең жазуда, әнші ән айтуда, тігінші киім тігуде ерекше сезімге бөленіп, ляззат алып,шабыты одан сайын асқақтай береді. Ал мұғалімнің шабыты әрине өзінің шәкіртіне білім нәрімен сусындатқанда келмей ме? « Мұғалім шабыттандырады», дегендей мен оқушыны шабыттандыру үшін оны түсінуге, жалықпай тыңдауға, жақсы қасиеттерін тауып айтуға әрқашанда дайынмын. Ол менің болашақта ұлы ұстаз болуына бірден бір себеп. Себебі, бір оқушыны «Сен жарадың, бірақ келесі жолы одан да жақсы жазуға тырыс», «Ойыңды жаздың ба? Жаза алмадың ба? Не себепті жаза алмадың? Мүмкін, жазғаныңды оқуға ұялып жасырып қалған боларсың? Жоқ, олай етуге болмайды. Тіпті сен айтатын ой қайталанып жатса да, сен өз орныңды білдіріп, пікіріңді есту біз үшін өте маңызды болып тұр... Қәне, дайынсың ба!», «Сенен бұдан да керемет дүниелер туындайды» деген жылы сөздермен әрбір балаға адамгершілік, сенімділік ұялатуға тырысамын. Әр оқушының жеке пікірі, көзқарасы маған өте маңызды. Мені шабыттандырады... Мен, ең алдымен өмірден шабыт аламын. Осы әлемде, осы Лозовой ауылыңда тұрғаныма, болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан, бүгінгі күні аяқ басып жер бетінде өмір сүріп жүргенімнен шабыт аламын. Мен жанұямнан, таң сәріден "анашым" деп оянған ұлымның дауысынан шабыт аламын. Көңіліме жақын жандардың мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөлене отырып,шабыттанамын.Мен мамандығымнан шабыт аламын. Мен мамандығымды мақтан тұтамын. Қазіргі мына күн сайын өзгеріске толы заманымызда мен таңдаған мамандық қарқынды, тоқтаусыз дамып жатыр. Бұл мамандықтың шабыттандыратыны әр түрлі бағдарламалары, оның құрылымы, шешу жолдары. Шабыттың арқасында ізденіс үстіне ізденіс пайда болады. Өткізген сабақтарымның қызықты болып жатқанын оқушылардың көз қарастарымен қызығушылықтарынан сеземін. Олар барлық түйсігімен жақсы көріп тұрғанын көріп, өзімнің жасап жатқан ісіме риза боламын. Жаңа оқыту әдістерін тауып, шығармашылыққа бой алдырып, оқушыларыма үйрету, сездіру, сақтауға бар күшжігерімді жұмсаумен шабыттанамын. Өмірімінің көп уақыты жұмысымда өтеді. Бір ақпараттарды қабылдап, екінші ақпараттарға жауап беремін. Сөйтіп, таң аттырып, күн баттырамын. «Шабыт жалқау адамның уысына түспейтін нәрсе. Шабыт тек іздеген адамға ғана кез болатын қонақ.Шабытсыз мұғалім ұстаз емес деп айтуға болады. Шабытпен берілген сабақ, өте нәтижелі болады. Оны алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен көреді. Әрбір сабақтан шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін асыра түсіруге күшімді жұмсаймын. Менің ойымша ұстаз үшін одан артықтың керегі де жоқ шығар…
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.
Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек.Жазуды жаңа әліпбиге көшірудің мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық, экономикалық, саяси, ақпараттық, педагогикалық себептері бар. Осы орайда, қазақ жазуын латын графикасына көшіру де мезгілі жеткен мәселе екенін қазіргі Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар көрсетіп отыр.
Барлық озық технологияның тіліне айналған латын әліпбиіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселені таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні орасан.