Мәтінді мұқият оқи отырып ойды жалғастырыңыз және оқиғаны дамытыңыз.
Бауыржан бұрын Дзержинский көшесіндегі шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «Сіздің өтінішіңіз орындалды. Келіп, кең пәтердің ордерін алыңыз», -дейді.
Бауыржан барып, бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
-Неге мұңайып тұрсыз, шешей? –дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.
Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, ал соңына келіп бұның пәтеріне үш бөлмелі пәтерді қосып бір полковникке бергенін айтады. Бұны естіген Бауыржан әйелді ертіп қалалық кеңеске келіп, қалалық кеңестің қызметкеріне былай дейді
Құстар – табиғаттың көркі! (шығарма)
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.