Мәтінді мұқият оқы . Біздің ауыл Алмалы деп аталады , өйткені жабайы алма көп өскен тау бөктерін солай деп атайды . Бұл тауда жабайы алманы қорек етіп аю өріп жүреді екен . Сондықтан үлкендер күні бүгінге дейін жабайы алманы аю алма деп атайды . Ол кезде алма жегісі келгендер жүйрік атпен кеп , алманы ат үстінде тұрып жинайды екен . Егер адамның алманы үзіп жатқанын бір аю көріп қалса , қазандай тасты көтеріп ап , ақырып қуатын көрінеді . Сонда бүкіл Алмалы бойының аюлары : « Біздің алмамызда адамдардың не қақысы бар » , - десіп ашуланып , жер көкті азан - қазан етеді екен.Біз туған кезде сол өріп жүрген аюлардан ізде қалмапты . Ол кезден қалған бір ғана белгі , әлгі алып алмаағаштың түбіндегі үңгір ғана . Оны аюлардың патшасы мекендепті . Мәтін бойынша сұрақ - Ауыл қалай аталған ? - Неге Алмалы деп атаған ? - Алмалыда қандай аңдар мекендеген ? Мәтін бойынша сұраққа жауап жаз 1.Ауыл қалай аталған ? - 2. Неге Алмалы деп атаған ? 3. Алмалыда қандай аңдар мекендеген
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.