Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт.
Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді.
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.