Мәтінді мұқият оқы. Төменде берілген тапсырмаларды орында. Прочитай внимательно текст. Выполни задания. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Тау секілді үшбұрыш әрі биік болып келеді. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
(122 сөз)
1 – тапсырма
Мәтіннен тірек сөздерді анықтап жазыңдар. Выпиши из текста опорные слова
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі
Объяснение:
Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Әрине, ең танымалдарынан бастауды жөн көрдім. Осылардың өзі-ақ қазақты әлемге танытып үлгерді. Мысалы, спортшыларымыз көк туымызбен әлемдік аренада шарықтамағанда, біздің сол көк туымызды бәлкім ешкім танымаста ма еді? Жастарымыз шетелде жүріп, домбыраны қолға алып шертпегенде, қара домбыраны бәлкім ешкім танымаста ма еді? Ұлтық мерекеміз Наурызымыз әлемдік деңгейде тойланбағанда, оюлы көйлектеріміз бен тақияларымыз киіліп, көше бойын қазақтың бұлбұл әндерімен аралап, сайрамағанда шетел жұрты ою былай тұрсын, қазақ деген ұлт барын білмес те ме еді? Сол себепті, осы еліміздің көк туын көкке желбіретіп, асқақтатып жүрген ұлт қоргандарын ұллтық құндылыққа кіргізу менің міндетім болып тұр.
Ұлт қорғаны ол-отаншылдықпен жаны құмар азаматтар. « Отан-отбасыдан басталады» демекші, отаншылдықты бала кезінен бойға сіңіру аса маңызды істердің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі. Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Ол көп еңбек пен үлгілікті қажет ететін, көпшіліктің қоғам болып, жұмылып, парасаттылық пен байсалдылықты қажет ететін оңай емес іс.