Мәтінді мұқият оқыңыз. 1.Мәтінді стильдің қай түріне жатқызуға болады? Тілдік құралдарын тауып көрсетіп дәлелдеңіз. (кем дегенде 3 мысал) * Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. «Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс емес пе? «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді, туған жеріміздің қадірін білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ, бірлік, достықты мақтан етуге тұрарлық.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.
Қаламыздағы этнографиялық мұражай қоры жақында жаңа жәдігерлермен толықтырылды.
Ұлттық мұражайда еліміздің қылқалам шеберлерінің туындылары көрсетілген.
Археологиялық галерея күрделі жөндеуден өткізілді .
Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік шеруге қатысты.
Биылғы жылы атам мен әжем жаңа жайлауға көшті.
Мен бүгін таңертең сабаққа кешігіп келдім.
Сен кітапханаға жиі барасың ба?
Қаламыздың көшелері мен жаяу жүргіншілер жолы қардан тазартылды.
Келесі аптада өткізілетін тіл апталығына қатысасың ба?
Екі күннен кейін ағам іскерден оралады.
Етістіктер қою әріппен жазылған.