Мәтінді мұқият оқыңыз. Көтерілген мәселені анықтап, халықтың ауа райын болжауына өз көзқарасыңызды білдіріңіз. мәтін:Есте жоқ ерте замандардан бері а ауа райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды «жұлдызшылар» деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа райын болжауда кеңінен пайдаланды. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті серік еткен (балықшылар, егіншілер т.б) атабабаларымыздың ауа райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз. Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен. Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі. Бұлттар ауа райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық. Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа райы бұзылады.
4. Азастанды аспапты этно-рок стилiндегi музыкалы жым
6. Р-сындаы маталл тауып жне ндiретiн орталы
7. Азастаннын е биiк тау
9. Оыздардын астана болан кне ала
12. Кiшi Жздi Шер Гази-ханнын ксiнiн аты кiм
13. Р-сынын ай зенiне грек тарихшылар «таниас» деген ат ойды
15. Азатын бесiншi ханы кiм болан
18. Ай мемлекеттiк табии орыы 2004 жылда рылан
19. Кне орыс жылнамаларда ыпшатарды алай атады
По вертикали
1. Керей ханнын кесi аты кандай
2. Рманазы Саырбайлы ай алада немесе ауылда дуниеге келдi
3. 1931 жылда ай ала азастан Республикасын астанасы болып аталды
5. Укаш атанын мазары ай аланын касында орналасан
8. Жетi Жарыны кiм жетiлдiрiп бекiттi
10. Отырар аласынын баса аталымы
11. Шырырабт аласы азастаннын ай облысында орналасан
12. Андай филосов, математик, шыыс алым 872 ж. Дниеге келген
14. Араанды облысындаы кмiр алабын алаш ашушы кiм болып саналады
16. Аза ылым-тiлшi, филолог,педагог, оам жне мемлекеттiк айраткер 1899-1938 жылдарында мiр срген кiм
17. 1854 жылда азастандаы ай ала рылды
Объяснение:
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.
19 ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.[1]
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.