Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Қазақстандық саяхатшы Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық. 26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейд керек отиниш
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
В.И.Ленин: "Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
"Тіл туралы” заңдағы "Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған "Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты.