Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Қазақстандық саяхатшы Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық. 26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде, Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», - дейді. ДЕСКРИПТОР: -Тақырыбын анықтайды -1 ұпай; -Мәтіннен мысалдар келтіреді -1 ұпай; -Талқылау кезінде өз ойын толық жазады- 1ұпай.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Баяғыдабір жетім бала болыпты.Әке-шешесі жоқ тұл жетім екен.Көрінгеннің есігінді қаңғып жүреді.Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында солпаңдып,айтқан шаруасын екі етпей орындайды.Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты.Күздің қара суығы екен.Төңіректі тұман шарлап,ызғырық жел өміңнен өтеді.Жұрт жылы үйден шыққылары келмейді.Ал жетім бала жалаң аяқ сыз басып,сиыр жаяды.Суықтан тісі -тісіне тимей жаурайды.Жапан далада тоңғаннан не істерін білмей,өксіп-өксіп жылайды.
Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:
-Әй,балам,неге жыладың?-деп сұрайды.
-Жыламағанда не?-дейді бозбала.Қожайын күнде үйден қуад.Жалаң аяқ,жалаң баспын,өлерше болдым.
Шал жетімді аяйды,әйтсе де қолынан келер қайран жоқ,өзінің аяғында жыртық шақай.Әрі-бері ойланып,қалтасындағы сыбызғыны алып,бозбалаға ұсынады.
-Осыдан басқа берерім жоқ,-дейді шал.Бірақ бұл жай сыбызғы емес,сиқырлы сыбызғы.Әйтеуір бір күні пайдасы тиер.Бұл сыбызғыны үрлесең болды,естіген жұрт билеп кетеді.Осыларды айтады да,әлгә шал ғайып болады.
Объяснение:вотво