Мәтінді мұқият оқыңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз. (Внимательно прочитайте текст. Определите точную информацию, найдите в тексте синонимы.) Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.
1 ғ Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз
2A Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты (астма) болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
3 б - Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді. Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды.
4 ә Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім.
5 г Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.
6 в - Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..
Объяснение:
Ақын туған жерінің суретін бейнелеуде, оны әсемдікпен жеткізуде ешкімге ұқсамайтын, ешбір ақынның өлең тармақтарында жолықпайтын өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Адам жаны жай тауып, рахатқа бөленетін табиғат аясында туып-өскен, көк майсасының алабөтен жұпарын сезіп, төбе-белдерінде еркін шапқан әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау, оны жүрек төріндегі орнын көрсету – қадірін түсіне білер ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды.
Ақынның бұл өлеңінен – Қарасазына деген ұлы сезімнің, жан баласы түсінгісіз сағыныш пен көңілдегі өксіктің анық бейнесін байқай аламыз. Балауса кездегі адалдығынан айнымаған аңқылдақ баланың жүрегінде сақталған тазалық.
Адам назарын аударатын және оның тіршілігімен етене байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп екенін білеміз. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылған ағынды сулар мен өзендер қай заманда да, қай уақытта да ақын қиялын тербеткен, жан сарайын нұрландырған.