Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ақпаратты анықтаңыз. Әлемнің ең үлкен кітапханасы «Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі. Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпіртүкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды. «Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар. Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз. ,
Қазақстан жерінің көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. Олар: Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар. Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс -Қарағанды облысы.
Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс - Солтүстік Қазақстан облысы.
Еліміздің аумағында Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі, сонымен қатар ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Ұзындықтары 500 м асатын өзендер: Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Жем, Талас, Үлкен Өзен, Кіші Өзен, Елек, Ырғыз, Сағыз өзені, Шідерті өзені.
Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”); “-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”); Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”); Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”); Иұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.