Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз (3 сұрақ).
Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал
олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.
Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған
кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан,
мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында,
жолдың оң жағымен жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына
көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес,
қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша
ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында -
алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ
болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ересектердің
бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.
Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде
жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол
жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..