Мәтінді мұқият оқып, мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беріңіз. Біздің үйде есік қаққан кісіге іште тұрып «кімсің» деп немесе қиғаштай ашып сығалап қарайтын әдет жоқ. Үлкен-кішіге есігіміз ашық. Бұл үйдің табалдырығын аттайтын адамдар атамның жүзін көріп, үнін естуге келеді. Кім келсе де үлкен үйдің адамдарына лайық жылы қабылдап, сыйлап шығарып салуға ұмтыламыз. «Жақсы қонақ құт, жаман қонақ жұт» дейтін көнеден келе жатқан сөз бар. Есіктен кірген қонақтың қандай адам екені маңдайында жазулы тұрған жоқ, бірақ кім екенін кеткенде білесің.
Есіктің қоңырауы үсті-үстіне мазасыз шырылдады. Кіруге асығып тұрған адамның қолтаңбасы сияқты. Нан илеп жатыр едім, қолымның ұнын жүре сүртіп барып есік аштым. Орта жастағы, аласа бойлы, арықтау сары кісі тұр екен. Мен амандасып үлгіргенше:
- Момышұлының пәтері осы ма? – деді.
- Осы, үйге кіріңіз, - деп бір шетке ығысып жол бердім.
- Момышұлының өзі үйде ме? – деді ішке енген соң.
- Мені іздегенің бері қарай жүре бер. – Атам есігі ашық тұрған бөлмесінен гүрілдеп өзінің үйде екенін білдірді.
Қонақты алға өткізіп, атаның қасына кіргіздім де, шаруама қайта кірістім. Асты тездетейін деп ойладым. Өйткені үйге келген кісіге дәм татқызбай шығармайтын халқымыздың жақсы салтын атам өте қадірлейді. (З.Ахметова «Шуақты күндер», 174 сөз.)
Осыған орай Алматы аспанға отшашу атылар күнді лайықты қарсы алуға тас түйін әзір екенін білдіріп те қойды. Күні кеше қаланың 1000 жылдығына орайластырып жарияланған бір айлық байқаудың жеңімпазы анықталды. Шаһардың он ғасырлық мерекесін айшықтайтын лайықты логотип авторы алматылық суретші Елена Майданова 1 миллион теңге сыйақыны жеңіп алды. Алдағы күндері қала көшелері мен алаңдарынан ойып тұрып орын алатын кескіндеме сурет ұзын-саны 123 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылды. Сарапшылар бұл суретке көне түркі заманындағы руникалық белгілері үшін басымдық бергенін жасырмайды. Алматы апортының ғажайып кескіндемесі өзге белгілермен жарасымды үйлескен деген тұжырым жасалғаны да баршаға жария етілді.
Трудна работа, да сладок хлеб.
Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
Стол без хлеба смотрится бедно.
Тарысы бардың тауығы.Было бы пшено, а куры примчатся. Қарны ашқанға қара нан да май татыр, шөлдегенге қара су да бал татыр.
Голодному – черный хлеб покажется маслом, жаждущему – сырая вода покажется медом. Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.Нан – тамақтың атасы.
Хлеб – отец всей пищи (Хлеб – всему голова).
Трудна работа, да сладок хлеб.