Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтаңыз. Жұлдыздар туралы айтқанда адамдардың көбі түнгі аспанды көзімен көруге болатын жарқыраған денелерді көз алдына елестетеді. Бірақ олардың көпшілігі жұлдыздар емес, планеталар, жұлдыздар тобы немесе жай газ бұлттары.
Жұлдыз – қызған газдан тұратын көлемді шар. Өте жоғары температурада қызатыны сондай – олар жарқырап тұрады. Жерден өте алыста орналасқандықтан, жұлдыздар өте кішкентай болып көрінеді. Күн – бізге жақын орналасқан жұлдыз. Сондықтан ол үлкен болып көрінеді. Көптеген жұлдыздардың көлемі Күннің көлемінен көп есе асып түседі.