В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
magiklen
magiklen
23.08.2022 06:34 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Мәтіннен жалғау түрлерін теріп жазыңыз. Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да а ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы. Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы а ң күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.
Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый-құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам — табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. А өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс — ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған.

Показать ответ
Ответ:
miroslavavernep09sr9
miroslavavernep09sr9
01.09.2020 14:04
Вот:Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тарихи ауыр кезеңінде, ХІХғасырдың басында дүниеге келген. Оның туған жері, туған жылы туралы деректер нақты емес. Орал казак әскері Махамбетті қашып жүргенде 1841 жылы наурыз айында ұстап, оны Орынборға жөнелтерде сырт пішінін және жасы 37-де деп көрсеткен. Бұған сүйенсек - ол 1804 жылы туған болады, кейде солай жазып та келеміз. 

Махамбеттің қарымы - Байұлының Беріш руы. Әкесі Өтеміс, Құлмәлі ауылы Нарын құмының шығыс жағын, Ақшунас, Шағыр шағыл төңірегін мекендегені архивтен белгілі. Ал Махамбеттің туған жері БатысҚазақстанныңЖаңақала ауданындағы Бекетай құмы делінеді.

Сонымен Махамбет 14 жасында әкесінен айырылып, ағалары мен шешесі Қосуанның тәрбиесінде болады. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Қосуан өжет, есті адам болыпты. Балаларының тәрбиесін өз қолына алған ана оларды адалдыққа, адамгершілікке, бауырмал болуға тәрбиелейді. Қолынан келгенше балаларын оқытады. Махамбет татарша сауатты жаза білген.  Махамбет жас кезінен-ақ ақындығымен көзге іліне бастайды. Ол 10 жасқа жетпей-ақ өлең шығарған секілді. Оның "Түйелі шалға айтқан жауабы" деген өлеңі ел арасында сақталған. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
алия270
алия270
18.12.2022 22:01

Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, мәдениет үйі, спорт мектебі. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда мұнай өндіреді.Ауылға кірер аузында келіндерді күтіп алар шағын ағаш үй бар «Келін төбе» деп аталады. Алыстан шаршап келе жатқанда сол ағаш үй көрінсе ауылға жақындадық деп қуанып секіреміз.Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Әкем бізге ауыл таза болсын десе ауланы таза ұстаңдар дейді. Менің кішкентай сіңілім көшеде балмұздақ, шырын ішсе де қорабын далаға лақтырмай үйге алып келеді сонда әкем міне апаларынан үйренген деп мәз болады.Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды, анам әдемілеп әрлейді ол ұя әлі тұр торғайлардың қонғаның терезеден қарап отырамыз, жазда өзенге шомылуға барамыз, жайлаудағы туысқандарға барамыз. Нағашыларым егін өсіреді жаздың көп күнің сол жақта өткіземін. Нағашы әжем қалада тұрады ол да бізбен бірге өзінің туған ауылына барады. Күзде сары, қызғылт жапырақтарды тереміз анам неше түрлі әдемі заттар жасайды. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!Ауылда өз отбасынмен бірге тұрғанды ұнатамын, кешкі дастарханда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін. Демалыста Саркөлде тұратын әжеме барамыз, шаруасына көмектесеміз кішкентай сіңілім шыбыннан қатты қорқады, бөпем малдың төлін көріп кетпеймін деп жылайды. Жазда әжемнің ауласындағы сәкіде шәй ішеміз. Бауырларымның бәрі жиналып у - шу боламыз.Менің туған ауылым – мақтанышым.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота