Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл
одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің
«Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер
Скотт ұсынды.
«Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ т.б. аңдар мен құстар, өсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.
Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау. (132 сөз)
1. 3-абзацта не туралы айтылған?
А) жануарлар жайлы кітап шығару туралы
В) жануарлар дүниесі туралы
С) табиғатта аз кездесетін жануарлар туралы
Д) табиғатты қорғау туралы
2. «Қызыл кітапқа» енген жануарды белгілеңіз?
А) арқар
В) бірқазан
С) қызғалдақ
Д) тырна
3. Қай мақал-мәтел мәтіннің идеясына сәйкес келеді?
А) Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.
В) Бір тал кессең, он тал ек.
С) Табиғат – тал бесік.
Д) Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалт- қысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ізгі қасиеті. Достық өзара жауап- кер шілік пен қамқорлықтың, рухани жақын- дықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Досы көпті дау алмайды» деген мақал-мәтелдер жиі айтылады. Бұл мақалдар достықтың адалдығын, тектілігін танытады. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу қиын, ал оны сақтай білу одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады. Осы орайда, достық төңірегінде мына бір тәмсіл ойға оралады. Бірде әкесі баласына қаратып:- Балам қанша досың бар деп сауал қойыпты. Сонда ештеңенің байыбына бара бермейтін бала көңілмен ұлы «Жолдас балаларымның барлығымен тату-тәтті доспын.
19 ғасыр әдебиет туындыларының көркемі Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.Өзі батыр,өзі ақын,палуан,мерген болса да орыс тілін жақсы меңгерген.Кей деректерде, Махамбет-5жыл бойы орыс ақындары В.И.Даль,А.С.Пушкинмен араласқан деседі.Не бәрі 42 жас жасаса да, артынан "Арқаның қызыл изені","Мұнар күн","Тарланым", "Исатай деген ағам бар","Еңселігім екі елі" сынды кұнды өлеңдерін жас ұрпаққа қалдыра білген.Махамбет ата, «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады.
Бәріміз білетін , Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі науза қолға алмай деп басталатын өлеңі, қойған мақсатты орындап шығу үшін,қандай қиыншылық болса да шыдап,өзіңді жігерлендіріп, әрбір күресте табанды болуға шақырады.
Батылдыққа,ерлікке шақырып,ел мен жерді сүюге баулыған,өз заманындағы халық бұқарасының мүддесін қорғауға арналған Махамбет Өтемісұлы өлеңдері халқын сүйген әр азаматқа күш-жігер беретін рухы биік шығармалар болып қала береді.Біз жас ұрпақ - Махамбеттей атамыздың өлеңдерін жатқа айтып,насихаттай білсек,қазақ рухын биікке көтергеніміз,нағыз патриот болар едік.