Мәтінді мұқият оқып шығыңыз Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деМәтін бойынша бірнеше төл сөзбен автор сөзіне қатысты сөйлемдер құрастырып, оларды төлеу сөзге айналдырп бекер атамаған. Қаланың 8 мың гектардан астамын бақшалар, саябақтар мен гүлзарлар алып жатыр. Көктемде бау-бақшалардағы алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Алматы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан ең ірі мегаполис. Қала 170 шаршы км-ден астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан. Қаланың басты құндылықтарының бірі – Көктөбе . Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар
Тіл ең асыл құндылық
Объяснение:
Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген.
Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.
Тіл-ең асыл құндылық
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады.