Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек.
Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақстан 2050 Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол деген Президентіміз. Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Қазақтың армансыз адам қанатсыз құспен тең деген даналығы бар. Біздің ата-бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
(240 сөз)
1.Мәтінге ат қойыңыз. [1]
2. Мәтінде «Еліміздің ертеңі - жастардың қолында» делінген. Еліміздің ертеңі жастар, ал сендер не істейсіңдер ? [1]
a) Сабағымызды жақсы оқып еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек.
b) Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда.
c) Ол мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
d) Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
ІІ. Жазылым
3.Мәтін мазмұны бойынша 2 оңай, 2 қиын сұрақтарды жазыңыз. Оңай сұрақтарға және қиын сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
1- оңай сұрақ:
оңай сұрақтың жауабы: [1]
2- оңай сұрақ:
оңай сұрақтың жауабы: [1]
3- қиын сұрақ:
қиын сұрақтың жауабы: [1]
4- қиын сұрақ:
қиын сұрақтың жауабы: [1]
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.