В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
natali250374mailru
natali250374mailru
04.04.2022 22:04 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. «Күлтегін» жыры жер мен көктің, а ң жаралуы туралы философиялық толғаудан басталады. Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген.
Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді», – дейді. Солай жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.
1.Мәтіннің түрін, тілдік ерекшелігін анықтаңыз.
Түрі
Стилі
Жанры

Показать ответ
Ответ:
werwedsgfdg
werwedsgfdg
15.10.2020 22:37
Кеме Қазығұртқа тоқтаған соң, жылан Нұхқа келіп:
– Кемедегі тышқан тескен тесікті құйрығыммен бітедім. Ұзақ уақыт суда тұрған денем, мұздап, суық жануарға айналдым. «Жақсылығыңды қайтарамын» деп уәде еткенсің. Енді соны орында. Дүниедегі қаны ең тәтті мақұлықты қорегім ет, – дейді. Пайғамбар келіседі. 
– Бірақ ненің тәтті екенін қалай білемін? – дейді. 
– Масаны жұмсайық. Сол тауып келсін. Қан соратын сол ғой, – дейді жылан. 
Пайғамбар масаны жұмсайды. Маса бар мақұлықтың қанын сорып көреді. Ең тәтті қан адамның қаны екен. Іздегенін тауып, кері қайтады. Жолда оған қарлығаш кездесіп: 
– Ей, маса, қайда асықтың? – дейді. 
– Ең тәтті қанды таптым. Соны жыланға айтпаққа асықпын. 
– Иә, кімнің қаны тәтті екен?
– А ң.
– Маған да дәмін татқыз, байқап көрейін, – деп өтінеді. 
– Мақұл, – деп маса тілін шығарғанда, қарлығаш тілін жұлып алады. Тілінен айрылған маса ызыңдап, Нұх пен жыланға келеді. 
– Тәтті қан таптың ба? – дейді пайғамбар. Маса ызыңдап тұра береді. Ешкім тілін түсініп болмайды. Сол кезде қарлығаш келіп: 
– Маса маған кездескенде құрбақаның қаны тәтті деген. Бұл соны жеткізе алмай тұр, – дейді. Жылан бір қулықтың болғанын іштей сезеді. Сосын қарлығашқа: 
– Маса неге сөйлемейді? Оған не болды? – деп сұрайды. 
– Бақа қанының тәттілігі сондай, маса қомағайлықпен өзінің тілін жұтып қойған, – дейді қарлығаш. Пайғамбар жыланға қарап: 
– Ал, жылан, масаны жұмсап, қандай мақұлықтың қаны тәтті екенін білдің. Енді қорегің құрбақа болсын, – деп дұға жасайды да кетіп қалады. Сол кезде жылан ызаланып, қарлығашқа тап береді. Ол жалт береді. Құйрығы жыланның аузында кетеді. Содан бастап қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты. 
Нұхтың дұғасы қабыл болып, жылан бақаны азық етіпті. Нұх қарлығашқа риза болып: 
– Ұрпағымды жыланның азуынан сақтадың. Бұдан былай көктемнің жаршысы бол! Мамыражай мезгіл сенімен бірге келсін! – деп бата береді. 
Тәтті қанға ынтық болған маса содан бері адам қанына үйір болады. Ал, бақа «мені жыланға азық етті» деп, түнде маса аулайды екен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
blubondovro0a
blubondovro0a
15.10.2020 22:37
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.Ол ирекпен белгіленеді.
Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота