Мәтінді мұқият түсініп оқы Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілі бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келеді. Олар
Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан. Ассамбляның негізгі бағыты –
еліміздің тарихына терең үңіліп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, ана тілімізді сақтау және дамыту,
ұлтаралық ынтымақтастықты өркендету. Байтақ Қазақстанның әрбір облысында түрлі ұлттардың мәдени
орталықтары ашылған. Олардың міндеттері өз ұлтының тілін, мәдениет, тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін жаңғырту, кейінгі жастарға үйрету. Қазақстанда мекендеген өзге ұлт өкілдері қазақ тілін
міндетті түрде білуі керек.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың
ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы
керектігін міндет етіп қойды.
Қазақстан - досТЫҒЫ жарасқан ел. Мен осындай елдің азаматы болғанымды мақтаныш етемін. Менің
достарым әр түрлі ұлт өкілдері. Дегенмен, біз бір-бірімізді қатты сыйлаймыз, түсінеміз, әрдайым бірге
сабаққа дайындаламыз, бірге ойнаймыз. Бұл ата-әжелеріміздің, әке-аналарымыздың бізге берген
тәрбиесінің, көрсеткен үлгісінің нәтижесі. Бұл ұлы ісі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді.
(https://el.kz/news/archive/lttar dosty-у - bаѕty_bayly-ymyz/ сайтынан алынып, оқушының жас ерекшелігіне
сәйкес бейімделіп алынды)
Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жаз.
1. әрқашан -
2. жер жүзі -
3. біріккен -
Жарнама!
Ұлттық сусындар – халқымыздың ең құндыларының бірі.Қазіргі таңда осындай құнды сусындардан гөрі халық зиянды, химиялық заттарға толы сусындарды тұтынады.Ал біздің,"Дастархан" фабрикасының,егер ұлттық сусындарды пайдаланам десеңіз,есігіміз әрқашан ашық.Қымыз,шұбаттарымыз су қоспай,таза әрі табиғи күйінде сізге ұсынамыз!Өнімдеріміз көпшіліктің сұранысына ие.Сіз де бір дәмін татып кетсеңіз,өкінбейсіз!
Мекен-жайымыз:Алматы қаласы,Наурызбай көшесі,"Дастархан" фабрикасы.
Байланыс телефоны:8(778)8903212.