Мәтінді оқу, конспект жасау; Электрондық поштаның ұйымдастыру принциптері көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Пайдаланушы корреспонденцияны жұмыс орнында пошта дайындау бағдарламасымен немесе кәдімгі мәтіндік редакторда дайындайды. Кейін поштаны жөнелту бағдарламасы шақырылады (мысалы, SendMail). Ол кәдімгі поштаны әрі қарай жөнелту үшін байланыс бөліміне жеткізетін пошта курьері есебінде жұмыс істейді. Uniх-жүйелерінде SendMail байланыс бөлімшесі рөлін атқарады. Бағдарлама пошта хабарларын сұрыптап, адресаттарына жөнелтеді. Машиналарында пошталық жәшіктері бар және пошталық серверлермен коммутацияланған телефон желілері арқылы жұмыс істейтін пайдаланушыларға қосымша әрекеттер қажет болуы мүмкін.
FTR (File Transfer Protokol) файлдарын беру Интернеттегі компьютерлер арасында файлдарды қайта бағыттап отыруға мүмкіндік береді.
USENET телеконференциялары дегеніміз – Интернеттің кез келген пайдаланушысы қатыса алатын аса үлкен электрондық хабарландыру тақтасы.
Archie. FTR шыға алатын файлдар саны өте үлкен және үнемі өсуде (зерттеу есептерінен бағдарламалық қамтамасыз етумен және жарнамалық проспектілердің қателерін ресми түзетулерге дейін). Талап етілген ақпаратты іздеу үшін Archie (құмырсқа) деп аталатын құрал қолданылады. Archie-серверлер FTR шыға алатын файлдар тізімдерін жасап, оларды үнемі жаңартып отырады.
Telnet. Интернетке қосылғаннан кейін Интернеттегі кез келген басқа компьютерге шығуға болады – тек ол үшін рұқсаты болуы және қашықтағы компьютер бұл байланысты бағдарламалық жағынан қолдауы керек.
Gopher – түйінді сөздер және сөйлемдер бойынша Интернетте ақпарат іздеу құралдарының бірі.
WAIS жүйесі (Wide Area Information serwice) Интернетте алуға болатын деректер базаларында ақпарат іздеу кезінде интерфейсті қамтамасыз ету үшін құрылған.
WorId Wide Web дегеніміз – гипермәтінді желілік ақпараттық жүйе.
Интернеттің ауқымды ақпараттық жүйесінің пайда болуы мен дамуы, оны ұйымдастырудың ерекше технологиясы арнайы бағдарламалар – браузерлер жасау қажеттілігін тудырды. Бұл бағдарламалар Интернет стандарттары бойынша жүзеге асырылған желілерде жұмыс істеуге бейімделген. Олар Бүкіләлемдік «өрмекші торының» (World Wide web – WWW) – Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. Бұл тарауда WWW-мен жұмыс кезінде Microsoft Internet Explorer (MIE немесе IE) браузерін пайдаланудың негізгі принциптері
Есімшесі бар жұмбақ:
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам,сорпасы адал немене екен? (Жауабы:шай).
Есімшесі бар мақал:
Жауда қалған бұлбұлдан,
Отанға қайтқан ит артық.
Есімшесі бар жаңылтпаш:
Циркте қонжық қонжықты он жықты,
Он жыққан қонжық шоң мықты.
Он жығылған қонжық көндікті.
3 есімшесі бар сөйлем:
Самат жазғандарын әкесіне көрсетер кезде,көп нәрсені есте сақтап қалған еді.
8 сөзден тұратын және есімшеге аяқталған сөйлемдер:
Мен бүгін қолым тимейтіндіктен,олардың үйіне ертең барармын.
Оған кеше салқын тигендіктен,бүгін сабаққа келмей қалған.
Объяснение:
Күлтегін (684-731 жж.) - Құтлық(Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi.
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады.[1]
Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:
Он алты жасына келгенде алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Ол тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандады. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты...