Мәтінді оқы. «Ассалаумағалейкум» сөзінің мағынасы қандай? Сізге амандық тілеймін! Бақытты бол! Жасың ұзақ болсын! Бақберген ата жеті жастағы немересі Айдармен көшеде келе жатты. Жолда оларға бір ақсақал жолықты. Екі ата бір-бірімен қос қолдап амандасты. Айдар олардың қасынан бес-алты қадам ұзап кетіп, атасын күтіп тұрды. Біраз жөн сұрасқан соң екі ата қоштасты. Немересінің қасына келген атасы:
– Айдаржан, сен неге ана атамен амандаспай қасынан өтіп кеттің, – деді.
– Ата, ол кісіні мен танымаймын ғой, – деді Айдар.
– Сен танымасаң, мен танимын ғой, балам-ау! Атаңды ұятқа қалдырдың. Ата бабамыз сәлемдесуді адамдардың бір-біріне, әсіресе кішінің үлкенге құрметі, ілтипаты деп бағалаған.
Атасы осы сөздерді айтып бір тоқтағанда Айдар «ата қазір» деп, жүгіріп кетті. Кетіп бара жатқан атаны қуып жетіп, алдынан шықты да, қос қолын ұсынып амандасты. Ақсақал еңкейіп, Айдардың маңдайынан сүйді.
Айдар кері бұрылып атасына қарай жүгірді. Келген бойда:
– Ата, ана атаға амандасып келдім. Бұдан былай олай істемеймін. Кешіріңізші! – деді жалынып.
– Е-е, балам, мұның енді дұрыс болды, – деп немересінің басынан сипады.
– Атаға не деп амандастың?
– Өзіңіз үйреткендей «Ассалаумағалейкум, ата!» дедім.
– Ол кісі не деді?
– «Уағалейкумассалам, балам! Бақытты бол, көсегең көгерсін!» – деді.
– Иә, ол көпті көрген Сабыр деген ақылды ақсақал ғой. Сен ол кісіге амандасу арқылы өзіңе үлкен сауап алдың. Қазақша айтқанда сен ол кісіге: «Сізге бейбітшілік, амандық тілеймін!» – дедің. Ол кісі саған: «Мен де саған бейбітшілік, амандық тілеймін!» – деді. Сонан соң ата саған батасын берді. Батаны көп алсаң, жаман болмайсың, ботам! – деді Бақберген ата немересіне мейірлене қарап
Ассалаумағалейкүм деген Сізге амандық тілеймін! Бақытты бол! Жасың ұзақ болсын!