Мәтінді оқыңдар Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр. Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екеніне көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең. Қазақстан шегарасының ұзындығы — 15000 километр. Осындай алып жерге шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді.
Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі. Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын, темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс, солтүстікте мәрмәр кенорындары бар. Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, су астын да 4,5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Міне, Қазақ даласы — осындай!
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.” деген сарында басталатын.Одан бері талай көктем келді кетті.Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл.Қыс пен көктемнің алмасар уақыты.Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің.Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі.Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады.Келесі бала ол жаз мезгілі. Биылғы көктем ерке көрінді маған.Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды.Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді.Бірақ сонысымен адамды баурайды.Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл.Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де а асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…
Әр ұлттың ұлттық киімдері бар. Қазіргі уақытта ол киімдер ұмыт болып бара жатыр. Мысалы: қазақ халқының ұлттық киімі: кимешек- бұл әжелер мен аналардың бас киімі, сәукеле- ұзатылатын қыздардың бас киімі, бешпент- бұл жеңіл сыртқы киім. Бұл киімдер өте әдемі. Сол сияқты әшекей бұйымдар болған, оны зергерлер жасайтын. Әдемі алқа- мойынға тағатын, сақина- саусаққа тағатын, сырға құлаққа тағатын, білезік- білекке тағыларды. Бұл әшекейлердің бәрін әр зергер өз өнерін салып, дайындайды. Менің әжемде осылардың бәрі бар.