Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша постер жаса. Тірек сөздерді жаз. Менің туған өлкем
Қазақстан – менің туған жерім. Қазақстанның жері кеңбайтақ. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орында тұр. Осы кеңбайтақ жерде таулар, өзендер, көлдер мен далалар бар.
Қазақстанда ауылдар да, қалалар да көп. Онда 130-дан астам ұлт өкілдері тату өмір сүреді. Олар бірге оқиды, бірге жұмыс істейді, бірге демалады.
Маған достармен тауға шығу ұнайды. Менің туған өлкем – Алматы қаласы – Жоңғар Алатауында орналасқан. Алматыда қыста суық, жазда салқын болады. Көктемде, жазда, күзде жиі жаңбыр жауады. Маған жазғы жаңбыр өте ұнайды. Жазғы жаңбыр менің көңіл-күйіме жақсы әсер етеді. Жаңбырлы күні таза ауамен демалып, ағаштың түбінде отырғанды ұнатамын. Туған өлкемде мен өзімді бақытты сезінемін.
Осылай постер жасасан болады,түрлі түсті карандашпен салып,Казақстан деген жерді көк пен,жазуларды сары түспен,тура сәулелер