В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Emma190
Emma190
18.10.2021 17:58 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқы. Қою қаріппен жазылған сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын анықта. Мағынасын түсіндір. Үлгі: маңызды хабар көрдім — теледидардан өзін қызықтыратын ақпарат​

Показать ответ
Ответ:
Bandurustka26
Bandurustka26
26.04.2023 04:04
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстанып қаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі - заңды құбылыс.«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген.Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабын орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз
0,0(0 оценок)
Ответ:
anna47983
anna47983
26.12.2020 20:55
Вот это пойдет?
Зайсан (көл)
Зайсан көліОрналасуыОрталық Азия,  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысыКоординаттары47°58′44″ с. е.83°47′02″ ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°58′44″ с. е. 83°47′02″ ш. б. (G) (O) (Я)Құятын өзендерҚара Ертіс, Көкпекті, Жарма, КендірлікШығатын өзендерЕртісАуданы1788 км2Ұзындығы111 кмЕні30 кмОрташа тереңдігі4-6 мТереңдігі10 мСу деңгейі395 м биіктікте


Зайсан көлі - Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Көл теңіз деңгейінен 395 м биіктікте. Жағалауы жайпақ. Тектоникалық бөген көлдер типіне жатады.

Мазмұны  [жасыру] 1Су құрамы2Су бассейні3Гидрографикасы4Көлдің ихтиофаунасы5ДереккөздерСу құрамы[өңдеу]

Суының минералдануы 100 мг/л-ден артпайды, түсі көкшіл, мөлдірлігі 1,3 м. Химиялық құрамы жағынан хлоролы-натрийлі. Жоғарғы деңгейі мамыр айының мен маусым айының бас кезінде, төменгісі қыста байқалады. Қараша - сәуір айларында мұз құрсанып жатады..

Су бассейні[өңдеу]

Зайсанға Қара Ертіс, Көкпекті, Жарма, Кендірлік өзендері құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. Өзеннің жалғасы көл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін баратын ұзынша ор түрінде байқалады. Су режимі Қара Ертіспен байланысты.

Гидрографикасы[өңдеу]

Жазда таудағы қар ерігенде көл деңгейі көтеріледі. Қыста төмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең төмен деңгейі сәуірдің басында байқалады. Ертістегі Бұқтырма СЭС-і салынғанға дейін көл айдынының аумағы 1788 км2, ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа тереңдігі 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бөгет салынғаннан кейін көл Бұқтырма бөгеніне қосылып кетті. Көлемі артып, жаға сызығының пішіні өзгерді. Соңғы жылдары көлге құятын Қара Ертіс өзенінің суын Қытайда шамадан тыс пайдалану салдарынан Бұқтырма бөгенінің деңгейі төмендеп, аумағы кішіреюде. Қосылатын су мөлшері бұдан әрі азая берсе, Зайсан көлі бөгеннен оқшауланып, бұрынғы табиғи қалпына қайтып оралуы мүмкін.

Көлдің ихтиофаунасы[өңдеу]

Бүгінгі күні Зайсан көлінің ихтиофаунасы 21 түрден тұрады, оның ішінде 16 түрі байырғы немесе жергілікті балықтар болса, 5 түрі жерсіндірілгендердің қатарына жатады, яғни ол 24% құрайды. Әсіресе, бекіре, ақбалық, таймень, көксерке, табан, аққайран, сазан, т.б. көптеп ауланады. Табан, көксерке, алабұға, торта балықтарының таралу аумағы өте кең болып, көлдің барлық акваториясына жайылған, ал шортан көбінесе балық аулауға тыйым салынған жерлерде көп шоғырланған. Аққайран мен мөңке балықтарының бірнеше түрі шөптесін сияқты биотоптарда көбінесе өзендер шығанақтары мен жағалауларында кездеседі. Ал саны жағынан аз, сазан, қарабалық, нәлім сияқты балық түрлері сирек кездеседі. Бүгінгі күні жемдік қорға көлдегі табан балығы басымдылығының біраз азаюы салдарынан сазан, қарабалық, нәлім сияқты бағалы балықтар үшін өз санын көбейтуге мүмкіншіліктер туып отыр. Кәсіптік мәні жағынан төмен таутан мен торта балықтары саны жағынан көп емес. Көл маңында бірнеше балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдар (артельдер) бар. Суына ондатр жерсіндірілген. Көл айдыны кеме қатынасына пайдаланылады. 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота