Поэзия – адам көкірегінің ең алыс түкпірлеріне дейін шымырлап, жаңғырып, шулап, буырқанып жететін ең сұлу жан сыры, тұтас бір халықтың басынан кешірген рухани өмірінің көркем шежіресі. Адамның сол ішкі жан-дүниесі шынайы адам сыры жайлы бүкпесіз ақтарыла сөйлегендіктен де нағыз поэзияның ғұмыры шексіз.
f32c336fad21269d71851a16622.jpg
Адам тілі – біздің кәдімгі күнделікті өмірде қолданып жүрген қарапайым сөздеріміз ақын жүрегінің мыс қазанына түсіп, асқақ шабытпен қайнап қорытылғанда небір құлақ естіп, көз көрмеген ғажайыптар жасауға бар. Бұған оқушы былай тұрсын, сол поэзияны өз қаламымен тудырған ақынның (егер ол нағыз ақын болса) өзінің де жағасын ұстап, таңдана қарайтын кездері аз емес. Поэзия қашанда өзінің осы сиқырлы күшімен а ң басынан кешірген арғы-бергі бүкіл өмір тартысының, ізгі арман-мұратының арулығын, өмірлілігін, ұлылығын бейнелеп келді. Өмірдің өзін сұлулыққа құштарлық деп қарайтын болсақ, поэзияны одан бөліп алуға болмайды, өмір жайлы әңгімелейтін поэзияның болмауы мүмкін емес. Адам өміріндегі ғасырларға бергісіз ғажайып сәттерді терең жан толқынымен тебірене дәріптемеген, қуаныш былай тұрсын, оның қайғысы мен мұңының өзінен де сұлулық мен өмірлілік тауып, оны поэзияның жоғарыда айтылған сиқырлы қуатымен алға тарта алмаған поэзия – поэзия бола алған емес. Ол сияқты тек қана «ұйқасы бар» ауа жайылған мақсатсыз өлең жолдары барлық ғасырдың бүкіл әдебиетінде болған. Қазірде де бар. Бірақ біздің сөз еткелі отырған тақырыбымыздың мақсаты ондай адам ұлылығы алдында қарыздар, тіпті күнәлі болып келген қансыз-сөлсіз шумақтар жайлы емес, біздің ғасырлар бойына аузымыздың суы құри тамсана, таңдана айтып тауыса алмайтын кіршіксіз қимас сәттерімізді ұлылықпен бейнелеген, бүін де бейнелеп отырған, ұлы Белинскийдің сөзімен айтқанда «Адамды қайыршылық пен бейшаралыққа ұшырату оңай, мықты болсаң сен оны бақытты етіп көр» дейтін поэзия жайлы болмақ.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.(Үйде қандай тәрбие көрсең өскенде сондай боласың деген мағынада)
Шешесін көріп, қызын ал. ( Шешесі қандай болса қызы да сондай болады деген мағынада. Мысалы: Шешесі тәрбиелі болса, қызы да тәрбиелі)
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді. (Апасы қандай тәрбие көреді сіңіліңсі де сондай тәрбие көреді.)
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп, сіңілі өсер. (Ағасы не істесе інісі дже соны істейді, ал апасы не істесе сіңілісі де соны жасайды)
ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТІҢ АҚЫНДЫҚ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫ
07.03.2017
Зергер жазылған жыр үшін