Мәтінді оқыңыз. Берілген сөйлемді толықтырыңыз Айтыс - ауыз әдебиетінің бір саласы. Айтыс поэзиялық жанр, сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыстың ерекшелігі ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Олар өлеңді аяқ астынан
шығырып, қарсыласына жауап береді. Айтыс үстінде күтпеген жайлар кездеседі. Ақындар тақырыбы
белгісіз, тосын сұрақтарға тап болады. Екі ақын бір - бірін тығырыққа қамау үшін, сүріндіру үшін, өмір
құбылыстарын жұмбақ етіп береді. Сол кезде қарсыласы дәлелді түрде жауап беруга дайын болу керек.
Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты қажетсінумен қатар, елдің шежіресін,
тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаса қарсыласына қарсы
тұра алмайды, сайыста дәрменсіз болып қалады.
Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып
саналады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа сөйлей беруі дарындылық, ақындық деп танылмайды. Шынайы
ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, әрі қарай сөз таластырмайды.
Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі – айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың,
қобыздың сүйемелдеуімен, әнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды. Айтыс
өнерінің жеңіл өнер емес екенін осы ерекшеліктерінен-ақ анықтауға болады
Айтыскер ақындарды театр актерлерімен бірге қоямыз, себебі
олар да актерлердей ән айтады.
олар да актерлердей сан алуан құбылыс жасайды.
олар да актерлердей өнерлі
Қамбар батыр жырындағы Назым бейнесі.
«Қамбар батыр» – қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Негізгі кейіпкер оқиғаға арала бұрын Әзімбайдың қисапсыз мол байлығы, оның алты ұлы және сұлу қызы – Назымның сән-салтанаты марапатталады. Назым сұлудың келбетін мадақтаған тұста ұлғайту (гипербола) мен әсірелеу (гротеск) де мол орын алады. Назым қыздың сұлулығы, ба鬬лығы тойға жиналғандарды айтар¬лықтай тәнті етеді. Жырда Назым¬ның ажар-көркі он төртінші айдай, ашылған гүлдей, кірсіз қағаздай деген теңеулермен сипатталады.
Назым тұлғасының ерекше болмысына көп назар аударылады.
Назым қыздың образы жырдағы батыр тұлғасын көмескілемейді, қайта батырдың образын ашуда өзгеше көркемдік мән атқарады. Жырдың бастамасынан-ақ ерекше болмысты сұлудың бейнесі танылып, жыр соңына дейін алуан түрлі қасиет белгілерімен сомдала түседі. Қыз бен оның әкесі, ағаларының тұтас бейнесін танытатын «Қамбар батырдағы» Назым бейнесі өз тегінен бөлек мінез бен іс-әрекет иесі екендігімен оқшауланады. Ол жөнінде жыр: «Алты ағасын, әкесін ақылымен Назым биледі» – деп баян етеді. Яғни, көпке сәулесі түскен, кірсіз ажары ақ қағаздай арудың ішкі-сыртқы болмысын қатар көрсету басым. Сұлу сипаты, ерке мінезімен қатар өзіне жар таңдаудағы батыл қадамдары Назым тұлғасын өзге жырлардағы әйелдер образынан ерекшелейді. Батырлық сынау мақсатындағы шарт қойып, күйеу таңдау «Қобыланды батыр» жырында да бар. Ел ішінде ғана емес, жат жұртқа дақпырты жеткен сұлудың таңдауының кімге түскендігіне салмақ арту арқылы кейіпкерлердің мінез-құлықтарын ашып көрсету – «Қамбар батыр» жырының өзіндік ерекшелігі.