Мәтінді оқыңыз, кәсіби сөздерді табыңыз, аударыңыз. Бухгалтер – мәртебелі мамандық
Бүгінгі күні бухгалтер мамандығы– үнемі сұранысқа ие мамандық. Бухгалтер, кез- келген ұйымың кірісі мен шығысын есептейтін маман. Егер сіздің математикалық қабілетіңіз болса, барлық уақытыңызды есеп– қисапқа арнап, төзімді болсаңыз, онда Сіз бухгалтерлік есеп саласының ең таңдаулы маманы болатыныңыз сөзсіз. Кез- келген кәсіпорынды, бала бақшадан бастап, мұнай өңдейтін концернге дейін бухгалтердің көмегінсіз көзге елестете алмаймыз. Тіпті штатта екі адам болса, оның біреуі- бухгалтер болатыны сөзсіз.
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын