Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен термин сөзді тауып, жазыңыз.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі
- Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы,
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31
қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-
ғалым, минерология ғылымдарының
докторы, профессор, академик.
Қазақ КСР Ғылым академиясын
ұйымдастырушы және оның тұңғыш
президенті, Қазақ КСР академиясының
академигі, Кеңес Одағының және
Қазақстанның металлогения мектебінің
негізін қалаушы, қазақтан шыққан
тұңғыш академик.
Дескриптор:
1. Термин сөздердің қолданыс аясын
түсінеді - 1;
2. Термин сөздерді ажырата біледі - 1.
Объяснение:
Клердің жағдайы өте ауыр болғандықтан өмір бойы дәрінің күшімен отыруға мәжбүр болады. Өйткені оған адофамин мен серотанин жетіспейді. Оған көнбеген өрімдей қыз бұл дерттің алдын алатын басқа амалдарды қарастыра бастайды. Бірде Клер әйгілі Гиппократтың әртүрлі тақырыптағы жазбаларын оқып отырып, өзіне керекті күйзеліс жайлы айтқанын кездестіреді. Гиппократ өз жазбасында депрессиядан құтылу үшін жүзумен айналысуды, күн сайын жүгіруді әдетке айналдыруды, жалпы спортпен шұғылдану маңызды екенін айтады.
Спорт - көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды - бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді осындай ауыр аурудан аман алып қалады. Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы екендігін ұмытпағайсыздар.
Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді. Сонымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге де алмайсыз. Міне, осындай күнделікті жаттығудың арқасында Клер өзінің ауруымен мәңгілікке қош айтысты. Қазір Клер спортты өмірлік серігіне айналдырып, ауруды атымен білмейді. Мұндай жағдай бәріміздің де басымызда тууы мүмкін. Сондықтан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық,
жауаптары осы
Алматы қаласы
Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.