Мәтінді оқыңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. / Прочитайте текст. Вместо многоточий вставьте нужные слова. ХХІ ғасырда жер бетіндегі халықтың өсуіне байланысты энергияға деген сұраныс артып, оны өндіруге талап күшейген. Баламалы энергияны өндіру дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) өндіруден өзгеше. Баламалы энергия күннен, желден т.б. энергия көздерін пайдалану арқылы алынады.
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері — жерасты пайда қазба қорлары — мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша, жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады? Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да өседі. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр. Проблеманы шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды. Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза болады. Бұларды пайдалану табиғатты бұзбайды.
а) қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да өседі.
ә) Баламалы энергия көздерін пайдалану арқылы алынады.
б) Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері көзін табуды мақсат етіп қойды.
Қажетті сөздер: баламалы энергия, пайдалы қазба, күннен, желден т.б.
а) Пайдалы қазба қорларының таусылуы қарсаңында, олардың бағасы да өседі.
ә) Баламалы энергия күннен, желден т. б. энергия көздерін пайдалану арқылы алынады.
б) Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды.
Объяснение: