Мәтінді оқыңыз. Соңында берілген мәтіннен соңғы тапсырмаларды орындаңыз. Адам және табиғат Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады. Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің асыраушымыз, байлығымыз, күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат – адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені а табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген. Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат – ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан-ұрпаққа мол мұра ретінде қалушы. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаған, сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен, аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік , айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен, қазір сол табиғат нашарлап, ластануда, соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге, мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе, төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру» тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт. Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз. Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші. Табиғат біз киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз. Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін. Экологияны және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасының нашарлауы шаң-тозаң, қатты суық және ыстық желдерден, микробтар, түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтіннің негізгі идеясы не? 2. Мәтін мазмұны туралы өз ойыңызды білдіріңіз. 3. Табиғат пен адамның байланысы не? 4. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Болашақ мамандығым - дизайнер.
Болашақ жайлы ойлағанымды мені жиі "қандай мамандық иесі боламын?" деген сұрақ мазалайды. Қай мамандықты алып қарасақ та өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары болады. Біреулер керемет дәрігер болса, енді басқалары ұлағатты ұстаз болады, ал менің арманым дизайнер болу, атап айтқанда киім дизайнері болуды армандаймын. Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Сондықтан, бес саусағынан бал тамған, ісмер дизайнер әрі тігінші болсам, мен өзіме және отбасыма қажетті сәнді және күнделікті киімдерді тігіп беруші едім. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар мен жейделер. Ал, менің еңбегімді ұнатып, тапсырыс беретін жандар табылса, онда өзіме ұнаған іспен айналысып қана қоймай, ақша табатын едім. Сәннен қалмай әдемі киімдер тігу үшін үнемі біліміңді шыңдап, сән әлеміндегі жаңалықтардан да хабардар болу керек. Мен болашақта сән әлемінің астанасы саналатын Милан және Париж қалаларында өзімнің сән апталығымды өткізсем деп армандаймын.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.