Мәтінді оқыңыз. Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір- тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Жастық шағы – атамекені Сырымбетте өтті. Шоқанның шыққан ортасы – қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі Шыңғыс Омск әскери училищесін бітірген. Орысша сауатты офицерлік шені бар (полковник). Арғы аталары – Абылайхан. 1.Мәтіннен көнерген сөзді және термин сөздерді теріп жазыңыз.
Мұғалім: Балалар, ертең қандай күн, кім айтып жібереді?
Оқушылар: Апай, ертең – еліміз үшін басты мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
Оқушылар: Еліміздің тәуелсіздік күні 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған.
Мұғалім: Бәрекелді. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
Оқушылар: Биыл тәуелсіздігімізге 29 жыл толады.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Елімізде осы жылдардан бері қандай елеулі оқиғаларды атай аласыңдар?
Оқушылар: Жаңа астанамыз бой көтерді! Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті! Елімізде қысқы Азиада ойындары өткізілді! Елордамызда EXPO 2017 халықаралық көрмесі ұйымдастырылды! Назарбаев зияткерлік мектептері мен халықаралық деңгейдегі Назарбаев университеті ашылды!
Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Еліміздің тарихынан біршама хабардар екенсіңдер! Тәуелсіздік - ата – бабаларымыз армандап кеткен, желтоқсан оқиғасы кезінде қаншама жастар сол үшін қыршыннан кеткен, оңайлықпен келмегенін үнемі естеріңде сақтаңдар! Енді осы тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, сақтап қалу болашақ жастар – сендердің қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!
Ұстаз… Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?! Сол періштелердің бірі қазір менің бала жүрегімде нық орын алған.
«Тәуелсіздік» тақырыбына диалог құрастыру.