Мәтінді оқып, берілген ақпараттардың ішіндегі негізгі ақпараттарға «V» белгісін қойыңыз.
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең
бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар
ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзара
сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері
ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріне деген
құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әр
түрлі болады. Қазақ халқы Қонақжай халык болғандықтан, келген қонақты тәрге
шығарып, ақ дастарқан жайған.
Қазақ оюасында үлкенге құрмет көрсетул кішіге қамқор боту, мерекелерді қара
шаңырақта карсы ату сиякты отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге
келгенде, ішінцехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-
туысқандарымен бірге тойлайды.
Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін беру және
отбасылық құраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасы Iық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген
сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды ретт
атқарады. Себебі «Отан отбасынан басталады»,
Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.
С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.
Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.
Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан бір топ азаматтарды марапаттады.
Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі.
Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.
--Қазақ халқының музыкалық аспабына ,домбыра, қобыз , жетіген, адырна жатады.
--Домбыра ол қандай, неден жасалады ?
--Домбыра ол қос ішекті, ағаштан жасалады.
--Домбыраның даусы қандай ?
--Домбыраның даусы майда, құлаққа жағымды.
--Аңыз бойынша қобызды кім жасаған ?
--Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата.
--Қазақ халқыңың қандай ұлттық мерекелерін білесін ?
--Қазақ халқының ұлттық мерекесі, Наурыз мерекесі..
--Бұл мереке қашан тойланады ?
--Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.Наурыз жыл басы.,күн мен түннің теңелген күні.
--