Мәтінді оқып, берілген сұраққа жауап беріңіз. Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық міндеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет. Мәтіндегі негізгі және қосымша 2 ақпараттарды ажыратыңыз. *
Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.