Мәтінді оқып, көтерілген мәселе жайлы қысқаша баяндап жазыңдар❗❗❗ Адамның толып, семіздікке душар болуына шектен тыс тоя тамақ ішу әсер етеді. Диетолог- дәрігерлер күнделікті дұрыс тамақтануға қажетті тағам түрлерін алты топқа бөледі. Ағзаға қажетті ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер мен минералды тұздар сүзбе, сүт, қаймақ, айран, ірімшік, құрт, құрғақ сүт, қымыз, шұбат тәрізді тағамдарда мол болады. Ет, шұжық, балық пен жұмыртқаның құрамында өте пайдалы ақуыз бар. Олардың құрамында ақуыздан басқа майлар, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар да бар.
Күніне 500 гр сүт немесе айран ішіп, 150-200 гр ет жеген адам ағзаға қажет бір тәуліктік ақуыз алған болып есептелінеді. Осылайша майды, түрлі дәрумендерді, минерал тұздарын, көміртегін ескере отырып, тағамдардың түр- түрін әзірлеуге болады.
Жаз, көктем және күздің алғашқы айларында ет азырақ пайдаланылады. Етті шамадан тыс, әсіресе жатар алдында көп жеп, сорпасын ішу бүйрек пен жүйке жүйесіне, бауырға ауыр соғады. Жеген етті қорыту үшін асқазаннан мөлшерден артық сөл бөлініп, оның соңы асқазан жарасы
ауруына соғуы ықтимал. Орта жастағы адам үшін тәулігіне 150-200 гр ет жеткілікті.
Балық тағамдарын жиірек пайдалану тиімді. Олар ағзаға өте пайдалы. Балық еті мал етіне қарағанда ағзаға жеңіл және тез сіңеді. Ағза үшін өсімдік майы пайдалы. Сондай-ақ нанның құрамында триптофон, литионин, лизин
деген құнды амин қышқылдары аз. Әсіресе семіруге бет алған адам нанды аз мөлшерде пайдалануы тиіс. Сөйтіп, күнделікті тағамға ет, тауық еті, көгөніс пен жемістерді қажетті мөлшерде пайдалану денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.
Абай - даналықтың бастауы.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Абай - біртуар дара тұлға.
2. Абайдың шығармашылығы.
Қорытынды.
Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.