Мәтінді оқып, көтерілген мәселені нақтылауға бағытталған 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз. Хеопс пирамидасының бас архитекторы белгілі Ежелгі Мысыр сәулетшісі, Хеопстың ағайынды інісі Хемуин
болған деп есептеледі. Хемуинге «перғауын құрылыстарының басқарушысы» құрметті атағы берілген.
Алайда ол құрылыстың соңына дейін басы-қасында бола алмаған, аяқталуға таяған шағында өмірден
өткен. Пирамида туралы біздің заманымызға дейінгі V ғасырда атақты ежелгі грек тарихшысы Геродот
жазған. Ол пирамида жөнінде Хеопс атты перғауынның кезеңінде құрылған нысан екендігін, құрылысқа
100 000 адам қатыстырылғанын жазады. Пирамида атауы Хеопс болғанымен, перғауынның өзі онда
жерленбеген. Пирамида құрылысына әктастан жасалған 2 000 000 астам блок кеткен. Берік болуы үшін
сыртынан гранитпен қаптаған. Тақталар жақсылап тегістеліп, бір-біріне қиюластырылғаны соншалық,
арасында бірде-бір саңылау қалмаған. Әр тақтаның орташа салмағы – 2,5 тоннаға жуық. Ал нысанның
жалпы салмағы – 5 000 000 тонна. Тас қашайтын орыннан құрылыс аймағына дейін блоктардың қалай
жеткізілгені қазіргі таңға дейін жұмбақ болып келеді. Тіпті құрылысы туралы бірде-бір пікір жоқ. Кейбір
тарихшылардың айтуынша, құлдардың жұмысын пайдаланған десе, басқа біреулері жалдамалы
жұмысшылардың жұмысы екенін айтады.
Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне байланысты екені ешқандай дау тудырмайды. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты. Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М.Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады. Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол – тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті. Біздің дана халқымыз немерелерін ата-әжесіне бақтырып, тәрбиелетіп үлкен көрегендік жасаған. Себебі жас отау иелері күнделікті бар күйбең тірлікті өз мойындарына алып, қарттардың қолдарын босатқан. Ал ата-әжелер немерелеріне бесік жыры, ертегі, қисса-дастандарды айтып, тыйым сөздерді құлақтарына сіңіріп, өздерінің қолдарынан келетін өнерін олардың бойына сіңіріп отырған. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген осыдан қалған. Ал қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған өсиет, насихат екені баршаға аян. Батырлық та, елжандылық та, отбасыға, үлкенге құрмет те, кішіге ізет те, қонақжайлылық та, қысқасы, бүкіл жақсы адами қасиетті дәріптеу осында. Осыларды құлағына сіңіріп, бойына жиып, санасына түйіп өскен баланың жаман әдеттен аулақ, тәрбиелі де ізетті адам болары хақ. Біздің халқымызда отбасының әр мүшесіне қатысты мақал-мәтел бар. Бұл мақал-мәтелдер отбасының әр мүшесінің орнын, қызметін, олардың өзара қарым-қатынас сипатын нақты анықтап, ашып жеткізеді. Оларға аналог басқа ешбір тілден табылмайды. өзге тілдерде тіпті «нағашы-жиен» деген атау да жоқ. Қазақ мақал-мәтелдерін, тиым сөздерін жаттап, жадында ұдайы сақтап жүрген адамның тілі бай әрі шешен, ойы ұшқыр, адамгершілігі мол болмақ.
Мақалада: «Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп өте тура айтылған. Қазақстанның Ресейдің бодандығында болған 74 жыл, басты назар экономикаға аударылған егемендік алған 25 жыл – жалпы алғанда ұлттық идеологиясыз өткен бір ғасырда орта есеппен тіпті үш ұрпақ ауысты дегенде, қазіргі ұрпақтың бойында қазақи қасиеттің, яғни ұлттық кодтың тек 30 пайызы қалды деп топшылауға болады. Бұрындары «іштен шыққан шұбар жылан ғой» деп, өз баласының бар кінәсін де, күнәсін де мойнына алып, ол үшін жауапты болатын аналардың орнына қазіргі «көкек аналардың», өз бала-шағасы тұрмақ аталас елдің жесір-жетіміне қамқор болатын азаматтардың орнына намыссыз, жауапкершіліксіз жігіттердің, бейкүнә нәрестелерге зорлық жасайтын есерсоқ еркектердің, жүз теңге үшін жақынын да аямайтын жауыздардың қаптап кетуі осының дәлелі. Өз баласы тұрмақ, өзгенің баласына көз қырын салып, тәрбиелей, жөнге сала жүретін қазағымыздың «ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыйым» деген сөзі естен шығып, ұмытылғалы қашан. Қазіргі жастарға ескерту жасамақ түгілі, беттеріне қарауға жүрексінеміз. Осы жүз жылдықтың орта буыны біздер Қазақстан тарихынан мүлде мақрұмбыз, ештеңе білмейміз.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!