Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Осындай игі істер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т.Б.Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі.
Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
Ауылымызда бәйге мен көкпар өткізу арқылы қазағымның ата дәстүрін жаңғыртайыншы!
Сыныптағы мәселе туралы ешкімге айтпай – ақ қой, жарай ма?
Басшы ретінде бұл тапсырмалардың бұлжытпай орындалуын өзің қамтамасыз етесің.
Әлі де тіл курстарына барып, ағылшын тілінде сөйлеуді жақсартыңыз.
Әсет дүкеніне келуші сатып сатып алушылардың санын көбейту үшін ассортиментті кеңейтсін.
Оқушылар арасында дұрыс тамақтану мен спорт жайында дөңгелек үстел жүргізіңдер.
Қарсы болмасаң, сөреде тұрған кітабыңды оқуға алайыншы?
Амираның бүгінгі алғашқы концертінде гүл шоқтарын әкеліп, оны қолдаңыз.
Хамит шетелге білім алмасуға барғысы келсе, ағылшын тілінде сөйлеуін жетілдірсін.
Үш тұғырлы тіл мәселесін қолға алып, барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуді дамытыңдар.
Келесі жиналыста Арман бұл мәселенің шешілу жолдарын ұсынсын.
Сен туралы шетелдегі құрбыма айтайыншы, мүмкін, бір көмегі тиіп қалар?