Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстыр. А мәтіні Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының онлайн-форумы өтіп, оның аясында 2020 жылдың қорытындысы шығарылды. Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов сөз сөйлеп, ҚХА мүшелерін марапаттады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің көпэтносты өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу құрметіне қоғамдық өмірге белсене қатысқаны, адал еңбегі мен этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер: Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация орталығы, Ақсақалдар кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы, Еріктілер қозғалысы орталығы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметтің үйлестірушісі болып табылады. Жұмыс істеген жылдар ішінде мұқтаж жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, ардагерлерге, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған ауқымды қайырымдылық акциялары өткізілді. Форум аясында Саип Найдуев, Журсун бей Танрикулу «Жыл жәрдемшісі» атағына ие болды. Ә мәтіні Бұдан соң Қазақстаннан келген қонақтарды Якутия Жазушылар одағының бірінші секретары Софрои Петрович Данилов қабылдап, Жаңадан ашылған музеймен таныстырды. Экспонаттарға өте бай, қалам қайраткерлерінің өткен тарихы, бүгінгі болмысы, саха жұртының ауыз әдебиеті, тіпті этнографиялық колөнер бұйымдарына дейін қамтылған. Қазақ әдебиетінің Якутиядағы күндері құрметіне арнайы бұрыш ашып, мейлінше құрмет көрсеткен. Құрамында 54 қана мүшесі бар жазушылар ұйымына керемет музей салып бергені, әрине, бізді қайран қалдырды. Ертеңінде, дәлірек айтсақ, маусым айының жиырма бесінде, қадірмен тұтқан қазақ қаламгерлерін төрт топқа бөліп, Олонхо жерінің төрт бұрышына самғата жөнелді. Алда жүздеген шақырымға созылатын ұзақ сапар, қызықты кездесулер, сырластыққа шақырар сұхбат, өте-мөте келте уақыт тұр еді. Жерлестеріміздің Мирный қаласында болуы естерінен кетпес өзгеше сипатымен оқшауланады. Себебі бұл қала — халықтардың достық мекені секілді еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, асыл тас алмас өндіріп жүрген ондаған ұлт өкілдері бақытты өмір сүріп, еселі еңбек етеді. Сунтардың орталығында қазақстандық жазушылардың құрметіне достық Сэргэ (діңгек) орнатылды. Ақын-жазушыларымыз өлеңдерін оқыды, сөз сөйледі.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.
Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.
Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.
Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.