. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз. [5] А мәтіні
Уақыт өзгеріп, қоғам дамыған сайын жүктелер міндет пен орындалуға тиісті мақсаттың арта түсетіні сөзсіз. Елімізде 4 бағыт бойынша жүзеге асатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы – мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші. Елбасы тапсырмасынан туындаған
міндеттер бүгінде Жамбыл өңірінде қызу іске асырылуда.
Жамбыл облысы әкімдігінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өңірлік жобалық басқару офисінің жұмысы және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының облыс аясында жүзеге асуы бойынша жиын өтті. Жиында өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, қызмет көрсету және өзге де салаларды цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды. Облыстық инвесторларға қызмет
көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Дамир Сегізбаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, жемісті жұмыстар жөнінде әңгімеледі.
Ә мәтіні
Арал теңізінде туып өссем де дәл... осы Жарма бойындағы нар қамыстай қамыстыкөрген емеспін. Жапониядағы Бамбук орманын көрген жоқпыз. Ал, Фенимор Купер романдарындағы кітап бетінен кісі үрейі ұшып отыратын ну қамыстар ғана осындай болар -ау деп ойлайсың. Жармадан жүзіп өткен сайын, тап бірі ертеректерде ұшырасатын хикаялы дүниенің құпия сырына кіріп бара жатқандай боласың. Қалың қамыстың әрқайсысы кісі білегіндей және көкке шаншылған қамыс басына көзің жетпейді. Осындай ну қамысты бір
қайық сыйғандай каналмен қақ жарып келе жатасың. Нар қамыстың арасына қалыңдап кірген сайын саған өзің де, қайығың да, қасыңдағы кісілер де қораштанып кішірейіп баратады. Мынау ертегі дүниелердегі жалғыз көзді дәудің мекені емес екенін білесің. Адам жейтін алып жыртқыштың бір қалтарыста болмаса бір қалтарыста қалыңды тосып андып
тұрмағанын білесің де, бір ғажабы, қашан Сырдарияға жеткенше ну қамыстың көз жетпей қарауытып түксиіп тұрған арасына үрейлене қарап, жазатайым болмашы бірдеңе сытырласа да шошып кетесің. Сол кезде сен көзін алдына қадап тігіп алған қайықшының мына ну қамыс арасынан жаңылыспай жол тауып, жарық дүниеге алып шығатынына да күмәнданасың. Жо-жоқ, мына Жарма бар ма, Арал табиғатының оқшау біткен бір ғажап
дүниесі!
А мәтіні Ә мәтіні
Қай жанрдағы мәтін?
Қандай мәселе көтерілген?
Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделу ерекшеліктеріне дәлел
1.
2.
3. 1.
2.
3.
2. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз
А мәтіні
Сұрақтар
1.
2
Ә мәтіні
Сұрақтар
1.
2
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
1. Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді.Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.Дене температурасын реттейді.Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет.Су адам зейінін ашады.Жұмыс өнімділігін арттырады.Ешқандай кері әсері жоқ.Стресс пен депрессияны басады.Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.Дене қызуын басады. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.Жүктілікте жүрек айнуын азайтады. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
2. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.
3. Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Сусыз адам, жануар, өсімдік те өмір сүре алмайды. Себебі адам мен жануардың ағзасы су арқылы жүреді, ал өсімдік су арқылы өседі. Су. Екі ғана әріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршіліктегі құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі айналыста жүреді. Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Сондықтан судың қадірін біліп өсуіміз керек.